Қаржы министрлігі Қазақстанның неліктен 345 миллион еуро қарыз алғанын түсіндірді
Қаржы министрлігі Халықаралық қайта құру және даму банкінен (ХҚДБ) 345,7 миллион еуро несие алу себебін айтты.
Мемлекеттік қарыз департаментінің директоры Асанәлі Дүйсенбайдың айтуынша, несие бюджет тапшылығын қаржыландыру аясында республикалық бюджеттің шығыстарын жабу үшін тартылып отыр.
— Биыл республикалық бюджет тапшылығы 2,9 трлн теңге көлемінде белгіленді. Бюджет заңнамасына сәйкес республикалық бюджет тапшылығы қарыз алу есебінен жабылады.
Несие тиімді шарттармен берілетінін және ол бойынша сыйақы айтарлықтай төмен мөлшерлемемен – 2,5 пайыз деңгейінде есептелетінін атап өткен жөн. Бұл әлемдік қаржы нарықтарындағы мөлшерлеме деңгейінен төмен және біздің ішкі қор нарығындағы теңгемен несие алғанға қарағанда айтарлықтай төмен, мұнда теңгедегі пайыздық мөлшерлеме жылына 16 пайызға жетеді, - деді Қаржы министрлігі департамент директоры.
Сондай-ақ ведомство республикалық бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту бойынша жүйелі мынадай шаралар қабылдап жатқанын айтты:
• салық салуды жетілдіру бойынша заңнамалық шаралар;
• салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру;
• көлеңкелі экономикаға қарсы күрес.
Бұған дейін Қазақстан парламенті 345 миллион еуро несиені мақұлдағаны хабарланған болатын. Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚДБ) арасындағы несиелік келісімге 2022 жылғы 24 тамызда Астанада қол қойылды. Қаражат несиелік келісім күшіне енгеннен кейін бір транш ретінде игерілетін болады.
Халықаралық қайта құру және даму банкі Дүниежүзілік банктің негізгі несиелік институты болып табылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық