Қаржы министрі Жамаубаев Жәкішевке жауап қайтарды
Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Буденовское» уран кенішінің үлесін сатудан Қазақстанның республикалық бюджетіне 150 млрд теңге түскенін айтты.
Журналистер бүгін осы келісім жөнінде Ерұлан Жамаубаевқа сұрақ қойды. Жамаубаев нақты кеніштің атын да, Мұхтар Жәкішевтің де атын айтпады.
«Соңғы сұхбаттардан алған ақпаратты айтып отырсыздар ғой!? Жүргізілген мәміле бойынша. Ол жерден республикалық бюджетке қаражат түсті. Атап айтқанда, 150 млрд теңге», - деді ол.
Ерұлан Жамаубаев мемлекет тарапынан жекешелендіру айырмашылқытарын түсіндірді.
«Егер қандай да бір жеке тұлға екінші тұлғамен мәміле жасап жатса – ол екінші мәселе. Бұл жалғыз нысан емес қой. Қазір жалпы әлемдегі тәжірибені алып қарасаңыз, жеке компаниялар осындай кен орындарын байытып, дамытады. Өйткені біздің республикалық бюджетте ондай мүмкіндік жоқ. Бірақ дегенмен барлық ірі стратегиялық нысандарда Қазақстанның үлесі қомақты. Біздің негізгі мақсатымыз – барлық стратегиялық нысандарды біздің үлесіміз жоғары болуы керек және біз оған бақылау жүргізуіміз керек. Негізгі мәселе осында. Ал қалғаны жеке кәсіпкерлер, компанияларға қатысты. Кәсіпкерлер келіп, жұмыс орындарын ашып, салық төлесе, онда біз оны құптаймыз. Бірақ ұлттық қауіпсіздік бізде әрдайым қамтамасыз етілуі керек», - деді ол.
Еске сала кетсек, Қазақстандағы ең ірі «Буденовское» уран кенішінің 49% үлесін Ресейге сатылуын қоғамда үлкен резонанс туғызған еді. Мәміле 1,5 миллиард долларға бағаланған. Ресейлік «Росатом» компаниясы кеніштің жаңа иесі атанды. Кәсіпкер әрі «Қазатомөнеркәсіптің» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында «Буденовскоені» сатуға қазақстандық кәсіпкер Александр Клебанов пен бұрынғы қазақстандық, қазіргі ресейлік олигарх Василий Анисимов тікелей қатысы болуы мүмкін екенін айтқан еді.
«Қазақстандықтарға бұл келісімнен не пайда? Ешқандай. Қазақстан бұл кен орнын сатқан жоқ. Оны ресейлік олигарх Анисимов біздің кәсіпкер Клебановпен бірігіп сатты. Ақша Қазақстанға емес, «Қазатомөнеркәсіпке» емес, іс жүзінде олардың қалтасына түсті», – деді Жәкішев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық