Қаратаудағы дауыл мен Жаңатастағы ақтүтек боранның салдары
550 шақырымды артқа тастап, Тараз - Аса- Ерназар - Тамды - Қаратау - Ақкөл - Жаңатас бағытында жол жүріп келдім. Сапардың басты себебі Қаратау қаласындағы дауыл.
Жаңатас қаласында ақтүтек боран электр желілері бағаналарын құлатып, қаланы жылусыз, жарықсыз, сусыз қалдырды.
Қаратау қаласына дейін екі бағана құлап, жарықсыз отырған Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ерназар ауылын байқадық. Ауыл тұрғыны бізді көре сала құлаған бағаналар мен қисайып тұрғандарын көрсетті. Сонымен қатар, жарық болмағандықтан ауылға ауыз су да келмей тұр екен. Қайтар жолда ауылдың жарығы қосылғанын естідік.

Ерназар ауылынан кейін Тамды ауылына жол түсті. Құлаған бағаналар болмаса да, ауылда жарық жоқ.

Қаратауға кіргеннен көшеде құлап жатқан жарық бағаналары, шалқасынан түсіп жатқан газ құбыры, шашылып жатқан жұқа тұрғын үйдің шатырларын байқадым. Мекеме қызметшілері шатырларды жинастырып жатты. Өзіме қызық болып көрінгені - тұрғын үйдің кіре берісін жауып тұрған шатырды полиция қызметкерлері бірлесе тартып, жинап жатты. Жергілікті тұрғындар көрінбеді. Қызмет етіп жүргендер түгел дерлік иығында жұлдызы барлар. Қаратау қаласынан бөлке табудың өзі бір мұң болды. Оған бірінші себеп - жарықтың жоқтығы, жарық берілсе де су берілмеді. Тұрғындар суды бөтелкелермен тасып жүр.
Облыс әкімдігі жедел штаб құрылды деп кеше ақпарат таратқан болатын. Штаб басшысы болып облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ыбырайханов тағайындалған. Шенеунікті іздеп аудан әкімдігінің ғимаратына барып едік, артынша келе қалды. Сұрақтарыма кідіріссіз жауап берді.
Ерболат Ыбырайхановтың айтуынша бір әлеуметтік нысан, сегіз көпқабатты үйдің шатыры ұшып кеткен. Қала әкімдігі мен «Игілік» мекемесінің шатырлары да кеткен. Қазіргі таңда Аққұм, Ақкөл секілді ауылдарға жарық берілді. Таулы аймақтарға жарық беру мәселесі қиын болып тұр. Желдің екпіні әлі басылмаған. Сол үшін де ауылдарға толық жарық берілді деп айта алмаймыз. Басшылар кешке дейін су береміз деп уәде еткен.
Қаратау қаласын аралап қарап жүргенімізде «Әйгерім» балабақшасының шатырын қызметкерлері қайта жинап жатқанын көрген болатынбыз. Ол туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерболат Ыбырайханов хабарсыз болып шықты.
Қаратау қаласында нан іздеп жүргенімізде бір кәсіпкер кезікті. Оның бассейні мен жаздық алаңшасы бар екен. Есімі Альмирас Туляев (бассейннің атауы «Керемет»), оның айтуынша, демалыс орнының қоршаулары құлап, жаздық сәкілерін жел ұшырып, электр тоқтары үзіліп, жарамсыз болып қалған. Келтірілген шығын сомасы 1,5 млн теңге болады. Әкімдіктен келіп ешкім сұраған да жоқ, дейді.
Айта кетерлігі, 4 қаңтар күні кешкісін тұрғын үйлерге жарық беріле бастады. Түнде жылу беріле бастағаны туралы аудан әкімдігі хабар таратты.
Ең қызығы, мемлекеттік органдар мен тек соларға қарасты мекемелер туралы айтылуда. Ал, жеке кәсіпкерлердің шығындары, төбесіне тал құлап жарамсыз болған автокөліктер туралы ешқандай ақпарат жоқ.
Авторы: Исламбек Дастан
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық
