Қарашығанақта мұнай өндіру тоқтатылады
Сурет PSA.kz
Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Белгілі болғандай, республикадағы ең ірі мұнай-газ кен орнында жоспарлы күрделі жөндеу жүргізіледі.
«12 қыркүйек пен 6 қазан аралығында кен орнында жоспарлы күрделі жөндеу жүргізу үшін Қарашығанақта мұнай өндіруді тоқтату жоспарлануда» деп түсіндірді министрлік.
Қарашығанақ кен орны әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі. Оның барланған мұнай қоры 1,2 млрд тоннаны, газы – 1,35 трлн текше метрді құрайды. Кен орнын игеру 1997 жылы халықаралық консорциуммен басталды: Shell (29,25%), Eni (29,25%), Chevron (18%), ЛУКОЙЛ мұнай компаниясы (13,5%), ҚазМұнайГаз (10%).
Тамыз айында Қазақстан мұнайын әлемдік нарыққа жөнелтетін Каспий құбыр консорциумы табылған ақауларға байланысты үш қашықтан байлау қондырғысының екеуін жөндеу туралы хабарлаған болатын. Осыған байланысты мұнайды тасымалдауға өтінімдер қысқартылған көлемде қабылдануда.
Бұл ретте 7 қыркүйекте «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі КТК арқылы мұнайды тиеу кестеге сәйкес жүріп жатқанын хабарлады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық