Алматыда өзбек полициясы қарақалпақстандық белсенділерді ұстады
Алматыда өзбекстандық полицейлер қарақалпақстандық екі белсендіні ұстады.
Бұл туралы Алматыдағы қарақалпақ диаспорасының белсенді мүшесі Ақылбек Мұратбай хабарлады.
Қазақстанға келген Өзбекстан ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Алматыда қарақалпақ диаспорасының белсенділерін ұстады. Олар 159-бап: Өзбекстан Республикасының конституциялық құрылысына қол сұғушылық және 244/1-бап бойынша қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қатер төндіретін материалдарды дайындау, тарату және көрсету деп айыптады.
Қазіргі уақытта екі адамның қамауға алынғаны белгілі:
- Қошқарбай Төремұратов
- Жангелді Жақсымбетов
Қошқарбай Төремұратовтың жұбайының айтуынша, оларды Қазақстаннан Өзбекстанға алып кетеді. Бұл қамауға алулар шілде айында Қарақалпақстанда болған наразылықтарға байланысты қарақалпақ белсенділеріне қарсы жүргізіліп жатқан қудалау шараларының бір бөлігі.
Еске салсақ, Өзбекстан құрамына кіретін Қарақалпақстанда 1 шілдеде ресми Ташкенттің Конституцияға өзгертулер енгізу арқылы автономия құқығын, өз тәуелсіздігін жариялау құқығын алып тастау жоспарына байланысты жаппай наразылықтар басталды.
Өзбек билігі шеруге шыққандарды қылмыскер деп, ал олардың әрекетін заңсыз деп жариялады. Қарақалпақстаннан ақпарат өте аз келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, аймақта байланыс проблемалары бар. Наразылық басылғаны туралы да ақпарат бар. 2 шілдеде Өзбекстан Қазақстанмен шекарадағы Қарақалпақстандағы өткізу пунктін жапты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық