Қарақалпақстанды көркейтуге 1,5 триллион сум бөлінеді
Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумнан кейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстанға жұмыс сапарымен барды.
Мемлекет басшысы жергілікті тоқыма кәсіпорнын аралап, халықпен әңгімелесті, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
Мирзиеев биыл билік Қарақалпақстанды көркейтуге 1,5 триллион сум бөлетінін айтты. Облыста жолдарды, су және электр жүйелерін жаңғырту, мектептер, балабақшалар мен медициналық пункттер салу және жөндеу жұмыстары жоспарлануда.
«Сонымен қатар Қарақалпақстандағы 452 махалланың әрқайсысына 500 миллион сум көлемінде қосымша қаржы бөлінетін болады. Өз мәселелерін жергілікті тұрғындар жақсы біледі. Сондықтан біз қаражат береміз, әрі қарай олар өздері бақылайды. Сонда сапа да, пайда да болады. Адамдар разы болады», - деді Мирзиёев.
Айтпақшы, Өзбекстан Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумда дауыс беру қорытындысы бойынша Қарақалпақстан белсенді аймақтардың біріне айналды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, түскі уақытта республикада сайлаушылардың 76,56 пайызы дауыс берген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық