Қарағандыда педофилді өлтірген алты жасөспірім сотталды
Қарағандыда алты жасөспірім жас қызды зорламақ болған ер адамды ұрып өлтірді деп айыпталып, әрқайсы жеті жылға жуық мерзімге сотталып кетті.
«Вечерняя Караганда» басылымының хабарлауынша, 4 қаңтарда Қарағанды соты алты айыпталушының әрқайсысын жеті жылға жуық мерзімге бас бостандығынан айырды. Жасөспірімдердің ата-аналары балалары педофилді ұрып-соққанын, бірақ оны басқа біреу өлтіргенін алға тартады.
Кісі өлтіру оқиғасы осыдан 2,5 жыл бұрын Қарағандыдағы Майқұдық шағынаауданында болған. Белгілі болғандай, 2020 жылдың 28 мамырында жергілікті тұрғын 14 жасар қызды зорламақ болған. Кейін ол болған жайтты құрбысына айтып, достарынан педофилді жазалап беруді өтінген. Артынша алты жасөспірім гараж аумағында аталған ер адамды кездестіріп, оны соққыға жыққан.
- Оқиға сағат 18:00 шамасында болған. Сол кезде ер адам мас болмаған және соққыдан соң үйіне кеткен. Араға бес сағат салып, сағат 23:00-де оның денесі Майқұдықтағы автовокзал маңынан табылды. Ер адам қанға боялып жатқан, оның алкогольді ішімдік ішкені анықталды. Біздің жанайқайымызды ешкім естіп жатқан жоқ. Біздің балаларымызға кісі өлтірді деген айып тағылды. Ол кезде олар кәмелетке толмаған, 16 жаста болатын. Ер адамның денесінде қатты көгерулер, жарақаттар болған, біздің балаларымыз оны ондай қатты ұрмаған, - дейді ата-аналар Жоғарғы сот пен Президенттен көмек сұрап.
Сонымен қатар сот сотталушылардың кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, атап айтқанда, оқиға болған жерді қарау, айғақтарды оқиға орнында тексеру, беттестірулер, куәлардың айғақтарымен, сарапшының, заттай дәлелдемелердің, бейнежазбаның, сот-видеофонографиялық, сот-медициналық сараптамалардың қорытындыларымен дәлелденді деп есептейді.
«Сотталушылар Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олар қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеуге кесілді» деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Сонымен қатар сотталушылардан жәбірленуші тараптың пайдасына 10 млн теңге моральдық залал бірлесіп өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық