«Қанша айтуға болады?»: Премьер-министр қарамағындағыларды сынға алды
Фото: primeminister.kz
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов кәсіпкерлік қызметке «нөлден» реттеуді енгізу, сондай-ақ мемлекеттік бақылау және қадағалау салаларын автоматтандыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бүгінде көлік, сауда, қоғамдық тамақтандыру, орналастыру қызметі, жылжымайтын мүлікпен операциялар, тау-кен өнеркәсібі, компьютерлік бағдарламалау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, ақпарат және коммуникациялар салаларындағы нормативтік құқықтық актілерге талдау жұмыстары аяқталғанын атап өтті. 22 мыңнан астам талаптар анықталды, оның 3,8 мыңға жуығы (17%) жаңа реттеу саясатының негізгі шарттарына сәйкес келмейді, сондықтан олар жойылады немесе қайта қаралады.
Бұл жұмыстың бірінші кезеңі аясында тағы жеті бағыт бойынша талдау жүргізілуде. Ол ауыл шаруашылығы, қойма шаруашылығы, құбыр желісі, құрылыс, автомобиль және мотоцикл жөндеу, көші-қон, авторлық құқық және сабақтас құқықтарына қатысты.
Премьер- министр тиісті үйлестірудің жоқтығынан барлық мемлекеттік органдар белгіленген мерзімдерді сақтамайтынын, бұл бекітілген кестенің орындалуын кешіктіруге әкеліп соқтыратынын баса айтты.
«Бұл реформаның маңыздылығын тағы да атап өткім келеді. Сіз мерзімді кейінге шегеріп жүре алмайсыз, бұл туралы қанша айтуға болады? Бизнес еркін «тыныс алуы» үшін барлық негізсіз талаптарды тез арада алып тастау керек. Нормативтік-құқықтық актілер бойынша барлық жұмыстар биыл аяқталуы тиіс» деді Әлихан Смайылов.
Бұл ретте премьер-министр бизнеске жаңа талаптарды енгізуге өте мұқият болу керектігін қосты.
«Бізге жаңадан қабылданған нормативтік талаптарға бақылауды күшейту керек. Егер кейбір мәселелерде «Атамекен» ҰКП тарапынан келіспеушіліктер болса, онда бұл мәселені шешу керек, біз бұған көз жұмып қарай алмаймыз» деді Әлихан Смайылов.
Сондай-ақ, жиында мемлекеттік бақылау жүйесін толық автоматтандыруға көшу аясында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне талдау жасау аяқталып, салалық тәуекелдердің матрицалары қалыптастырылғаны айтылды.
Бүгінгі таңда Smart Data Ukimet ақпараттық-талдау жүйесі жаңартылуда, оны 2023 жылдың ортасында коммерциялық пайдалануға беру жоспарланған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық