Қаңтар төңкерісінің көсемі кім? - Қазыбек Иса сауал жолдады
Депутат Қазыбек Иса қаңтар төңкерісіне қатысты депутаттық сауал жолдады. Ол қанды қаңтарды ұйымдастырғандар жазалануы тиістігін алға тартты.
- Мұндай қасиетті қазақ тарихына қара таңба салған қанды қасірет қайта қайталанбауы үшін мемлекеттік төңкеріс жасаған кімдер? Басшысы кім? Оның орындаушылары кім? Түгел анықталып, жазаға тартылуы тиіс.
Жаңа баяндамаларды тыңдадық. Төңкерісте отты көсеушілер айтылды. Көсемі кім? Ақиқат толық айтылмаса, ел сенімі жоғалады, ал мемлекетті сақтау үшін ең бірінші билікке ең керегі елдің сенімі. Өйткені, содырлар жейтін соққыны момындар да жеп жатты. Ал жазықсыз адам жазаланбауы қажет еді. Қамаудағыларды азаптағандар қатаң жазалануы тиіс. Жаңа баяндамада 329 азаптау деп айтылып жатыр. Сонда азаптау акциясы басталған ба? Әлде бұл ішкі істер саласындағы қалыпты жағдай ма?
Ең ауыры, қаза тапқандар ішінде ел қамы үшін ереуілге шыққандар да, тіпті, бейбіт тұрғындар да кетті. Жазықсыз қаза тапқандардың бәрінің аты-жөні Тәуелсіздікті қорғауда құрбан болған шейіттер ретінде аталуы тиіс. Біз әр өзгеріс, әрбір алға басқан қадамымыз үшін Қаңтар құрбандары алдында қарыздармыз!
Мемлекетке опасыздық жасап, Ұлтқа қауіпті комитетке айналған Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылары, қорғаныс, құқық қорғау басшылары анттарына адал болмағаны үшін қатаң жазаға тартылуы тиіс!
Біз мақтанып айтатын Ел байлығы қайда? Экс-президент өзі мойындағандай, кез-келгенін қолынан сүйреп апарып, соттауға болатын заңсыз байығандардан халық қазынасын халыққа қайтару керек! -деді Қазыбек Иса.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық