«Қаңтар оқиғасына» қатысы бар деген күдікті өзіне қол жұмсады
Жамбыл облысы Тараз қаласының № 13 тергеу изоляторында «Қаңтар оқиғасына» қатысы бар деген күдікпен ұсталған Әділет Ахыт өз-өзіне қол жұмсау мақсатында, ішіне шеге тығып алғаны туралы ақпарат пайда болды. Жігіттің анасы Бекбатшаева Алтыншаш ақпаратты растады.
Orda.kz редакциясынан араша сұраған Бекбатшаева Алтыншаш ұлына барғанын және оның психологиялық тұрғыда шаршағанын жеткізді.
«Қазіргі таңда Ахыт Әділет балама заңсыз айыптар тағылып жатыр. Содан себептерінен жалған куәгерлермен, жалған айыптауда. Оның бәрі құқық қорғау органдарының қысымдарымен жасалғандығы дәлелденді. Енді олар тағы куәгерлерді тауып балама «жалған айғақ» бергізіп жатыр. Қазір балама кіріп шықтым, бұндай жағдайға не үшін барғанын сұрадым, ол маған «мама психологиялық тұрғыда шаршадым. Ешқандай әділдік жоқ. Мен шындыққа жете алмадым. Мен үшін біреу қиналғанын қаламаймын. Жалған жауаптарды алып, жалған куәгерлерді тауып (жатыр-ред.). Жасалған қылмысым болса дәлелдеп берсін, болмаса мені ақтасын. Ақталмасам болып жатқан әділетсіздік үшін өз-өзіме қол жұмсап өміріммен қоштасамын» деп айтты», - дейді ол.
Күдіктінің анасы әділдік жоқ екенін алға тартады.
«Заңсыздықтарды ажыратып берсе екен. Заңды шешім қабылданбайды, әділдік жоқ. Менің қолымда құжатпен дәлелденген айғақтар бар. Оған заң органдары дұрыс көзбен қарамады. Менің балам 18 емес, 25 жаста. Балам қылмыс жасаса дәлелдеп заңды жазасын өтесін», - дейді Алтыншаш Бекбатшаева.
Әділет Ахыттың анасы редакцияға ұлының СИ-13 камерасында өз-өзіне шеге тығып алғаны туралы хатты тапсырды.
Хатта Әділет Ахыт өз іс әрекетін тергеудің әділетсіз өтуі мен жала жабылғандығы үшін ашынып жасағанын жазған.
Арыздың нұсқасы:
«03.05.2023 жылы сағат 02.30 уақыт шамасында РГУ №67 мекемесінің №14 камерасында өзімнің ішіме шеге тығып қол жұмсадым. Себебі, 2022 жылы қаңтар оқиғасында ЖТТ тобында басталған маған қатысты қылмыстық іс бойынша прокурор Сүттібаев С., Наурызбаев Ш., Тергеуші Сыздықов Е., Сапар Қуаныш істерді жала жауып күдікті ретінде таныған үшін қамалып отқаным бойынша осындай іс әрекетке барып отырмын. Осы жөнінде шара қолдануыңызды сұраймын. Сонымен қатар, РГУ №67 мекемесінің қызметкерлеріне арыз талабым жоқ.
Арыз өз қолыммен жазылды.
Ахыт Ә.Б.»
Әділет Ахытқа Қылмыстық кодекстің 272 бабы 1 тармағы және 188 баптың 1, 3 тармақтарымен айып тағылған.
Исламбек Дастан, Жамбыл облысы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық