Қанды қаңтар: Талдықорғанда азапталған құрбандардың құқығы бұзылды
Жетісу облысында полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі жүріп жатыр, жәбірленушілер бұл процестің заңбұзушылықпен жүріп жатқанын айтты.
Талдықорғанда азаптау қолданды деп айыпталған полицейлерге қатысты қылмыстық сот процесі жүріп жатыр. 24 адам жәбірленуші деп танылды, бірақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің айтуынша, процесте заң бұзушылықтарға жол берілген.
— Атап айтқанда, заң бұзушылықтар сот залының қылмыстық процеске қатысушылардың көп бөлігі үшін жарамсыздығынан көрінеді. Процесс жәбірленушілердің мүдделерін объективті және сапалы білдіруге мүмкіндік бермейтін, жәбірленушілер мен олардың өкілдері арасындағы келіссөздердің құпиялылығы қамтамасыз етілмеген жағдайда өтіп жатыр, - дейді омбудсмен Эльвира Әзімова.
Жәбірленушілер мен айыпталушылар бір орындыққа отырады, осыған байланысты тараптар моральдық-психологиялық қысым көреді. Сондай-ақ зардап шеккендерге бірнеше рет өтініш білдірсе де кәсіби аудармашы берілмеген.
«Сот барысын бақылай отырып, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері де бұл қылмыстық істі қарауда тәртіптің жоқтығын атап отыр» делінген хабарламада.
Әзімова жоғарыда аталғандардың барлығын ескере отырып, сапалы сот төрелігін қамтамасыз ету шараларын қолдануды сұрап, Жоғарғы Сотқа жүгінді. Жауап дереу берілді, бұзушылықтар жойылды.
— Уәкілдің өтінішін қарау қорытындысы бойынша Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасынан көрсетілген барлық бұзушылықтарды шешу туралы жауап алынды. Осылайша, сот органы жауабынан сот отырысы қатысушылардың барлығы сиятын кең залда өтіп жатқаны, тиісті аудармашымен қамтамасыз ету мәселесі шешілгені белгілі болды, - деді Әзімова.
Соңында Уәкіл жәбірленуші тараптың адвокаттары сотталушыларға қатысты бұлтартпау шарасы бйынша шағымдары ішінара қанағаттандырылғанын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық