Қанды қаңтар: Шымкентте балалары қайтыс болған ата-аналардың шағымынан кейін бас алаңнан шырша алынып тасталды
Сурет: Orda.kz
Шымкентте қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың ата-аналары қала әкімдігінің алдындағы бас алаңда жаңа жылдық шыршаға қарсы шықты. Олар шыршаны басқа жерге көшіруді талап етіп, мерекенің басты символының алдына жиналды.
Дәл осы бас алаңда қаңтар айындағы ең қанды қақтығыс болды. Олардың айтуынша, сол жерде 20 адам қаза тапқан. Олар Қанды қаңтар кезінді күйеулері мен ұлдарынан айрылды.
Қайғысы басылмаған ата-аналар бірнеше күн бұрын алғаш рет алаңға жиналды. Бірақ әкімдік оларға құлақ аспады. Арада бірер күн өткен соң жүректері жаралы ата-аналар жаңа жылдық шыршаның алдына қайта жиналды. Оралбай Шойбек 25 жастағы ұлын әкімдік алдындағы қалалық бас алаңда жоғалтты. Бір жігіт Шымкентке үйленуге келіп, дүкенге шығамын деп оқ тигенін айтады. Жақындары сол жерде орналасқан балабақшада Мейрамбек Шойбекті аман алып қалуға тырысқанымен, жас жігітті құтқару мүмкін болмады. Сондықтан әкесі ұлы қайтыс болған жерге шырша құрып, мерекелік шаралардың өткізуге қарсы.
— Жақында ғана осы жерде біздің балаларымыз қайтыс болды. Олардың мұндағы қаны әлі кепкен жоқ. Ал олар мұнда шырша тікпекші. Мұнда адамдар келеді, тойлап, қуанады. Түсініңіздер, біз мерекеге қарсы емеспіз. Балаларымыз қайтыс болған жерде емес, басқа жерде тойласын, – дейді Оралбай Шойбек.
Наразылық шарасын осы алаңда қаза болғандардың ата-аналары ұйымдастырды. Мұнда, олардың айтуынша, 20 адам қаза тапқан. Жиналғандар басқа да ауыртпалықтарымен бөлісті. Олар көмекке мұқтаж екенін айтып, қаза болғандардың туыстарына ерекше мәртебе мен әлеуметтік қолдау көрсетуді сұрайды.
— Мен жалғыз асыраушы ұлымнан айрылдым. Мұнда алты баласы әкесіз қалғандар бар. Иә, бізге аздаған көмек бар, бірақ көмек бізге кеш келеді. Мұнда балалары Түркістан облысынан келген жеті ата-ана бар, – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Айкен Дулатбаева.

— Бірінші ұлым осында қайтыс болды. Жалғыз асыраушы еді, отбасын асырау үшін Шымкентке келді, бірақ осы алаңда оққа ұшып, қайтыс болды. Енді не істеуім керек? Бізді біресе анда, біресе мында сандалтып қойды. Шымкентке барып көмек сұрасақ Түркістан облысына жібереді, олар Шымкентке қуады. Біз қайда баруымыз керек? Балам өз бетінше жол-жөнекей өтіп бара жатқан адам еді, қазір жерде жатыр, – деп жылайды Түркістан облысының тұрғыны Сапар Шалысбаева.
Ата-аналардың екінші наразылығынан кейін жұмысшылар шырша басына жинала бастады. Әкімдіктегілер оны бөлшектеп, басқа жерге көшіру туралы шешім қабылданғанын айтты.
— Шыршаны Әл-Фараби ауданындағы басқа жерге көшіруді жөн көрдік, Шымкент Плаза, Әл-Фараби алаңы бар, сол жерге қоюды жөн көрдік. Жұмыс басталып кетті, – дейді Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Азамат Парманов.
Қаза болғандардың туыстары да мерекелік шыршаның орнына қанды қаңтарда қаза тапқандарға ескерткіш тақта орнатып, Назарбаев даңғылы атауын «Қаңтар» деп өзгертуді сұрайды.
Шымкентте жаңа жыл мерекесін тойлауға 40 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Қаза болғандардың ата-аналары бұл қаражаттың бір бөлігін шырша сатып алудың орнына, ескерткіш тақта орнатуға жұмсауға болатынын айтады. Ал олар келесі жылы шыршаның орнына осында Қанды қаңтарда қаза тапқандардың есімдері жазылған тақта пайда болады деп үміттенеді.
Жаңалықтар
- Трамптың арнайы өкілі Иранмен қақтығысты реттеудің төрт шартын атады
- Атырауда автобус ішінде жасөспірім қыздар төбелесіп қалды
- Елімізде таңбаланбаған ЖИ-контент үшін айыппұл қарастырылатын болды
- Алыпсатарлар кесірінен теңге күрт құлдырауы мүмкін
- Атырауда бір отбасының жоғалуы: Наурыз бен Мейрамгүлді іздеу жұмыстары тоқтатылды
- Қысқы Олимпиаданы тікелей эфирден қайда көруге болады
- Оспадарсыз әлеуметтік сақтандыру: қайтыс болғандарды қабылдауға жазып, ер адамдарды әйелдерге арналған скринингтен өткізген
- Алматының тынысы тарылды: энергетика министрі ЖЭО-3-тің жұмысын сынады
- Шымкентте 17 жастағы қызды алып қашқан жігіт ұсталды
- Еліміздің шығысында -45 градусқа дейін суытады: 12 облыста дауылды ескерту жарияланды
- Маржан Арапбаеваны ұрып, шашынан сүйреген азаматтық күйеуі қамалды
- Гүлнәр Бажкенованы енді кім қорғамақ? Мұрат Адам лицензиясынан айырылды
- Алматы облысында автобустың әйнегін сындырған үш адам ұсталды
- Мұрат Адам адвокаттық лицензиясынан айырылды
- Дінмұхамед Қонаевтың туған қарындасы қайтыс болды
- «Қанды сейсеп көрсетіп, сүйінші сұраған»: Шымкентте 17 жастағы қызды алып қашып, зорлады деп мәлімдеді
- Солтүстік Қазақстанда аязда қалып, үсікке ұрынған зейнеткер көз жұмды
- Тоқаев банктер туралы жаңа заңға қол қойды: қандай өзгеріс болады
- Қырғызстанда өтетін Көшпенділер ойындарына қазақтың көкпары қосылды
- Қазақстан КҚК-дегі іркілістерге қатысты мұнай жеткізу бағыттарын өзгертті