Қаңтар оқиғасынан кейін айыпталған Серік Күдебаевтың соты кейінге шегерілді
16 наурызда генерал-майор Күдебаевқа қатысты үкім шығуы тиіс болған. Алайда оның сырқатына байланысты сот отырысы кейінге ауысып отыр.
Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметі келесі отырыс өтетін күн алда белгілі болатынын жеткізді.
Еске салсақ, Алматы облысы полиция департаментінің басшысы болған Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша айыпталып отыр. Ол былтыр қаралы оқиға кезінде жұмыс орнын тастап кеткені үшін кінәлі деп танылған.
Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық кодекстің 370 бабы 4-бөлігі 1-тармағы (Ауыр зардаптарға алып келген қызметтегi әрекетсiздiк) бойынша айып тағылған. Ол 2020-2022 жылдар аралығында Алматы облысының полиция департаментін басқарған.
Қаңтар айында өткен сот отырысында С.Күдебаевтың қорғаушылары оны бұрынғы қызметіне қайтаруды сұраған.
Кейін сот барысында прокурор айыпталушыны тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды ұсынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық