Қайрат Сатыбалдыұлы колонияда жұмыс таба алмай жүр
Сотталған Қайрат Сатыбалдыұлы жазасын өтеп жатқан колонияда әлі жұмыс тапқан жоқ. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Tengrinews.kz басылымының ресми сауалына берген жауабында айтылған.
Комитет ұсынған мәлімет бойынша, Сатыбалдыұлы Өскемендегі №22 орта қауіпсіздік мекемесінде. Ол бұл жерге биыл қазанда келген. Әкімшілік өкілдері сотталушының мінездемесін әлі жасамаған, себебі ол заңмен белгіленген ең төменгі мерзімді өтемеген.
- Қылмыстық-атқару жүйесі органдары қызметін реттейтін құқықтық актілерге сәйкес, сотталушының мінез-құлық дәрежесі мен тұлғалық ерекшеліктері мекемеде тоғыз айдан кейін қалыптасады. Сотталған Қайрат Сатыбалдыұлының тәртіптік жазасы жоқ, - делінген ОКЖ төрағасының бірінші орынбасары Сағат Мәдиевтың қол қойылған ресми жауабында.
Сондай-ақ, Сатыбалдыұлының әлі жұмысқа орналаспағаны, оның денсаулық жағдайы туралы ақпараттың құпия екені айтылды.
- Қазір сотталған Қайрат Сатыбалдыұлы №22 мекеменің кәсіпорындарында бос жұмыс орындарының болмауына байланысты жұмысқа орналасқан жоқ. Денсаулық сақтау кодексіне сәйкес, сотталуышының жеке медициналық деректері, медициналық көмекке жүгіну дерегі, адамның денсаулық жағдайы туралы мәліметтер және оны тексеру және емдеу кезінде алынған басқа да мәліметтер медициналық қызметтің құпиясы, - деп толықтырды бөлімде.
Еске салсақ, бұған дейін Астана соты Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты үкім шығарғанын хабарлаған едік. Ол алты жылға бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық