Қайрат Сатыбалдының төртінші әйелі ұрланған ақшаға Мәскеуден үй сатып алды
Өткен жылы қыркүйек айының соңында, Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыға қатысты сот үкімі оқылардан бірер күн бұрын желіде видео пайда болды. Онда сотталушы өзінің туыстарымен және адвокаттарымен видео-байланысқа шығады. Видеода әлдебір әйел бірер секундқа көрініп қалды. Қысқа әңгімеден оның Қ.Сатыбалдының әйелдерінің бірі екені байқалады.
«Қазақстандық БАҚ-та оның төрт әйелінің аты-жөні айтылады. Дубайдағы пәтерлер сөз болғанда төртеудің екеуі – Әсел Бақтиярқызы мен Саида Қанатбаекқызы туралы жазғанбыз. Бірақ бұл келіншек Әсел де, Саида да емес. Басқа екі әйеліне де қатысы жоқ...» делінген жазбада.
Ақпарат көзінің дерегіне қарағанда, әлгі әйелдің аты-жөні – Марсела Александровна Нұрсұлтан.
Олар мұны Ресейдің қауіпсіздігі әлсіз жеке мәліметтер базасынан анықтаған. Қытайдың Great Export Import платформасында қазақстандықтардың Дубайда жасаған келісімдерін зерттегенде Марсела Александровна Нұрсұлтанның аты-жөні шыға келіпті.
2021 жылы наурызда Марсела Дубайдан 50 мың долларға көлік сатып алған екен. Сатып алушы өзінің аккаунтын өшіріп тастағанымен, сатушының мәліметі сақталып қалған. Соған қарағанда, ол өзіне қатысты деректерді жойып отырған болуы мүмкін. Алайда аккаунттарының бірі желіде қалып қойыпты.
«Марселаның әкесінің атына қарап, оның Қайратқа қаны бір туыс емес екенін көруге болады. Осы тұста бізге ресейлік мәліметтер базасынан шығып кеткен деректер көмектесті. Марсела Александровна Нұрсұлтанның тегі бұған дейін Мартиросян болған, ал түпкі тегі – Александрова.
Ол 1987 жылы 26 қарашада Городовиковскіде (Калмыкияның шағын қаласы) туған. Біраз уақыт Ставропольде тұрған, кейін Мәскеуге көшіп келген. Марсела Александрова-Мартиросян-Нұрсұлтанның бір адам екені жалпы сақтандыру, салық төлеушінің нөмірі және ресейлік паспорт деректерінен көрініп тұр. Туған жері мен тіркелген жері де бір.
2019 жылы Александрова-Мартиросян Mersedes GLA және Toyota Corolla көліктерін сатып алған, бір жылдан кейін Нұрсұлтан деген текке өткен. Тиісінше әлгі көліктер де соған ауысқан.
Марсела аса ұқыпты жүргізуші емес екен. Екі жылда оған 20 мың рубль айыппұл жазылыпты. Бірақ Марселаның ең үлкен олжасы – Мәскеудегі Раменка өзенінің жағасында орналасқан пәтері. Ресей астанасының орталығы болмаса да, жаман жер емес. Мәскеу мемлекеттік университеті мен Сталиннің саяжайына жақын жер.
Марселаның 272 шаршы метрлік пәтерінің кадастрлық құны 94 млн рубль, нарықтық құны – кемі 150 млн рубль немесе 1 млрд теңге. Бұрынғы шаштараз 50 мың рубль айлықпен 2019 жылы бұған қол жеткізе алмас еді...
Ресейлік Марсела Нұрсұлтанның Қайрат Сатыбалдыға және видеодағы келіншекке қандай қатысы бар? Марсела әлеуметтік желідегі аккаунттарын өшіріп тастағанымен, мамандар оның «ВКонтакте» желісіндегі жойылған аккаунтынан суреттерін шығарып алыпты.
Қайрат Сатыбалды алты жылға сотталып, мемлекетке 500 млн доллардан астам қаржыны қайтарды. Алайда Марсела мен Қайрат жуық арада кездесе алмауы мүмкін. Өйткені Қ.Сатыбалдыға қатысты басқа да эпизодтар зерттеліп, жасырған активтерін іздеу жалғасып жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық