Қайрат Сатыбалдының қай түрмеге қамалғаны белгілі болды
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды ОВ №156/20 колониясына ауыстырылды.
Бұл туралы «ПАТРИОТ» telegram-арнасы хабарлайды.
Бұл құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлеріне арналған арнайы колония. Колонияның жаңа нөмірленуі №22. Тамыз айында Қазақстанның барлық колониялары жаңа нөмірлер алды, әрі әріптік белгілер жойылды.
Дереккөздер Қайрат Сатыбалдыұлының осы колонияға жеткізілгенін, сот үкімімен 6 жыл жазасын өтейтінін хабарлады.
Астана соты Қайрат Сатыбалдыұлының тергеу изоляторынан шығып кеткенін растады.
«Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты үкім 20 қазанда заңды күшіне енді. Ол Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №22 мекемесінде жазасын өтеп жатыр» деп түсіндірді Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.
Еске салайық, Қайрат Сатыбалды наурыз айының ортасында Алматыдан Түркияға жеке ұшақпен ұшпақ болған кезде ұсталған болатын.
26 қыркүйекте Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты Қайрат Сатыбалдыұлын 6 жылға бас бостандығынан айырды. Ол Қылмыстық кодекстің «алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы мүліктік зиян келтіру» және «иемдену немесе жымқыру, яғни кінәліге сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жымқыру» баптары бойынша кінәлі деп танылды. Жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесі тағайындалды. Сондай-ақ Қазақстан Президентіне Қайрат Сатыбалдыұлын «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының генерал-майоры» арнаулы атағынан, сондай-ақ мемлекеттік наградалар – «Құрмет» және «Парасат» ордендерінен айыру туралы ұсыныс жіберілді.
«Қазақтелеком» АҚ мен Қайрат Сатыбалды арасында 8 қыркүйекте кінәні тану туралы медиациялық келісім жасалған. Сатыбалды жасаған ісіне өкініп, келтірілген залалды толық өтеуді тіледі. Қылмыстық кодекске сәйкес, оған тағылған айыптар тараптардың татуласуын көздейді. Келтірілген шығын көлемі 12 миллиард теңгеден асады.
Қайрат Сатыбалды «Қазақтелеком» АҚ-ның 28 пайыз акциясын мемлекет меншігіне қайтарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық