Қайрат Боранбаевты туған күнін тойлау үшін бостандыққа шығарды
Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы олигарх Қайрат Боранбаев өзінің туған күнін бостандықта тойлау үшін Қаржы мониторинг агенттігі қызметкерлеріне пара берді.
Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің telegram-арнасында хабарлады.
«Өткен аптаның ең шулы сыбайлас жемқорлық жаңалығы – Қаржы мониторингі агенттігі қызметкерлеріне пара берді деген күдікке ілінген Қайрат Боранбаевтың немере інісі, олигархтың туысы ұсталды. Бір қызығы, Әбілхан Боранбаев ақшаны ағасының қауіпсіздігін басқаратын ҚМА қызметкерлеріне аударған.
Астанадағы уақытша ұстау изоляторындағы жігіттердің арқасында шындықтың беті ашылды. Тергеу амалдарын жүргізу үшін тергеу изоляторынан шығып бара жатқан Қайрат Боранбаевтан алкогольдің иісін сезген олар сараптама жүргізіп, қамауға алынған олигархтың камераға мас күйінде оралғаны туралы хаттама жасаған. Қайрат Советайұлы ішімдікті қайдан тауып алды? Оның бірер күн бұрын туған күні болды, сондықтан бірден ҚМА эскорттары Боранбаевты мерекелік отырысқа дейін шығарып салды деген нұсқа пайда болды.
Бірақ менің түсінгенімше бұл болжам расталмады, сондықтан қазақ Forbes журналының №5 тұлғасы туралы әңгіме қандай жағдайда орын алғаны әлі белгісіз» делінген хабарламада.
Сонымен қатар, журналист қалай пара берілгені туралы да айтты.
«Менің естуімше, Әбілхан Боранбаевтан ҚМА қызметкерлері ақшаны өздері сұраған екен. Күздің бір күні кешкісін экономикалық қылмысқа қарсы күрескер олигархтың немере інісіне телефон соғып, ағайындық танытып, тұп-тура «300 мың теңгені аудара аласың ба?» деп сұрайды. Олар бір-бірін бұрыннан танитын болса керек. Кіші Боранбаев саудаласпай, қажетті соманы Kaspi арқылы жібереді. Ал Қайрат Боранбаевтың маскүнемдігі төңірегінде тексеріс басталғанда Ішкі қауіпсіздік департаменті осы ақша алмасуын анықтады. Менің мәліметім бойынша, ҚМА жігіттеріне шынымен де шұғыл түрде 300 мың қажет болды. Өйткені сол кезде олар саунада демалып жатқан және мекеменің негізгі және қосымша қызметтерін төлейтін уақыт келді.
Сөйтіп, Боранбаевтардан түскен ақша қуана жұмсалды. Бірақ тағы бір нәрсе бар. Тергеу көрсеткендей, сақшылар ауқатты отбасынан тек 300 мың ғана емес, 14 миллионнан артық ақша алған. Олардың әрқайсысына 7 миллионнан қолма-қол ақша берілген-мыс. Бірақ бұл соманың қашан расталатыны әлі белгісіз.
Істе небәрі 300 мың қаралса, Әбілхан Боранбаев сабырмен аз ғана айыппұл төлеп, бостандыққа шығады деген сөз. Бұл жағдайда процессуалдық келісімді де жасай алады» делінген хабарламада.
Еске салсақ, ҚМА екі қызметкері Қайрат Боранбаевтың туысы Әбілхан Боранбаевтан сыйақы алды деген күдікке ілінді.
Ұсталған Қайрат Боранбаевтың туысы Әбілхан Боранбаевтың жедел бөлімшелердің кейбір қызметкерлеріне заңсыз сыйақы бергені әшкере болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық