Қадыров мобилизациядан қашып жатқандарға қарсы әйелдері мен балаларын жіберуге уәде берді
Бүкіл Ресейде соғысқа қарсы шерулер жүріп жатқанда, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров олардың республикасында өткізілмейтінін айтты.
Оның айтуынша, Украинадағы қақтығыс кезінде Шешенстан халықты әскерге шақыру жоспарын 254 пайызға асыра орындаған. Сонымен қатар, республикада қажет болған жағдайда қарулы күштер қатарын толықтыруға дайын мыңдаған еріктілер резервте тұр. Өздерін патриотпыз деп, бірақ жұмылдыру кезеңіне елден кеткендерді Қадыров «қорқақ бейбақтар» деп атады, оларға кері кіруге тыйым салу керек деп мәлімдеді.
Ол сондай-ақ, Грозныйдағы әйелдердің соғысқа қарсы митингісіне тоқталып, осы 40 адамның туыстары Украинаға жіберілгенін мәлімдеді. Қадыров наразылық акциясына шыққан кез келген адамды немесе олардың күйеуі мен балаларын «алдыңғы шепке» жіберемін деп қорқытты.
Еске салсақ, Ресей президенті Владимир Путин 21 қыркүйектен бастап ішінара жұмылдыру туралы хабарлаған болатын. Ол әскери қызметке шақырылғандар бөлімдерге жіберілмес бұрын міндетті түрде қосымша дайындықтан өтетінін мәлімдеді.
Путиннің ішінара жұмылдыру туралы мәлімдемесі Украинаның шығысында, Херсон облысында және Запорожье облысының бір бөлігінде Ресейге қосылу туралы «референдум» деп аталатын күндердің белгіленгені белгілі болғаннан бір күннен кейін жасалды. Жергілікті билік оларды 23-27 қыркүйекке белгіледі. Украина мұндай дауыс беру нәтижелерін мойындамайтынын бірнеше рет мәлімдеген.
Ресейде жұмылдыру жарияланған күні 30-дан астам қалада өткен жаппай митингілер басталды. Соңғы мәліметтер бойынша, мыңнан астам адам ұсталған. Ереуілшілер «Соғысқа жол жоқ», «Путин окопта» деп айғайлады.
Айта кетсек, 1 тамызда Ресей президенті Владимир Путин ядролық соғыста жеңімпаз болуы мүмкін емес және ондай соғысты ешқашан ашуға болмайды деп мәлімдеді. 21 қыркүйекте Ресей Федерациясының басшысы ядролық қаруды қолданамын деп қорқытып, «бұл қалжың емес» деп атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық