«Пышақтар мен дәрілердің соңғы құпиясы»: Алматыда 7-сынып оқушылары шатырдан құлап, жан тәсілім етті
Фото: Orda.kz
Алматының Ильяс Есенберлин атындағы №25 гимназиясының 7-сынып оқушылары, екі жеткіншек қыз көпқабатты үйдің шатырынан құлап, мерт болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға болғанда ешқандай дауыс шықпаған — тек жерге құлаған қыздардың денесінің дыбысы естілген. Шатырдан пышақтар, ұйықтататын дәрілер және басқа да күмәнді заттар табылды. Алдын ала болжам бойынша, бұл әрекеттің алдын ала жоспарланғанын көрсетеді.
Мектептегі буллинг пе, әлде ішкі күйзеліс пе — бұл сұрақтарға әлі де жауап табылмады. Мұғалімдер мен ата-аналар бұл оқиғаға сенгілері келмейді. Қыздар мектептен шығып, күзетшіге дүкенге барамыз деп алдап, өмірмен қоштасу үшін көрші тұрған көпқабатты үйдің шатырына бет алған.
Orda.kz тілшісі оқиға орнында болып, куәгерлермен сөйлесті.
«Бір оқушы қыз көрші үйде тұратын, екіншісі жолдың арғы бетіндегі аулада тұратын. Бұл оқиғаға қыздар алдын ала дайындалған болуы керек, шатырдан дәрілер мен пышақтар табылды. Олар алып келген дәрілердің ішінде травмадол, карвалол бар. Мен үйде отырғанда тұншығып шыққан дыбысты естідім. Кейін чаттан хабарлама көрдім: қыздар жерде жатыр екен. Бірден жедел жәрдем шақырдық, жедел жәрдем де келді, ата-аналары да шамамен 11-де келді», деді көршісі.
Тұрғынның айтуынша, қыздардың бірі қазақ, екіншісі славян келбетті болған.
«Менің ойымша қыздар бұл іске әдейі дайындалған. Мүмкін буллингтен болар, немесе бұрынғы «Көк кит» ойыны сияқты. Бір қыз жоғарғы қабатта аяқ киімсіз, екіншісі жерде аяқ киімімен жатты»
Көршілері қыздар құлаған кезде ешқандай дауыстың естілмегенін айтады.
«Құлап бара жатқанда ешкім айқайлаған жоқ. Түсінесіз бе? Олар бірдеңе қабылдаған сияқты. Әдетте, құлаған кезде айқайлайсың ғой, ал мұнда бәрі үнсіздік болды»
Үй тұрғындары шатырға кіру оңай екенін, себебі есіктердің жабылмайтынын айтты.
«КСК еш әрекет етпейді. Шатырда ешқандай құлып жоқ, тіпті үйсіздер де сонда жүреді. Біз бірнеше рет құлып қойдық, бірақ оны КСК қызметкерлері алып тастайды, себебі лифтер шатырға шыға алмайды», деп түсіндірді көршілері.
Тұрғындар қыздардың отбасыларында қандай да бір мәселелер бар-жоғын білмейді. Оқиға болғаннан кейін мектеп әкімшілігінің өкілдері келді.
«Мектеп директоры, әкімшілік басшылары келді. Бұл үшін олар кінәлі екенін айтты. Олар ата-аналарына да жылап, қыздарының қайтыс болғанын естіртті», деді куәгерлер.
Мектеп бұл оқиғаға түсініктеме беруден бас тартты. Әкімшілік мектепте тергеу жүріп жатқанын, полиция бәрін анықтайтынын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді