Путиннің зомби жәшігінен құтылдық, десе де Қазақстан қашанғы жалпақ шешей болмақ?
Сайлауға 40 күннен сәл аз уақыт қалды, бірақ Тоқаевтың әлі күшті, бәсекеге қабілетті және тіркелген қарсыласы жоқ. 7 адам БАҚ пен әлеуметтік желі арқылы президенттік амбицияларын бейресми түрде жариялады.
Үміткерлердің көпшілігі 90-шы жылдары даңқты күндері өтіп «көмескілене бастаған» жұлдыздар сияқты. Шынымен солай ма? Жас үміткерлердің арасынан әзірге бұрынғы «Нұр Отанды» дау-дамаймен тастап кеткен экс-депутат Нұржан Әлтаев қана жарыс жолына шықты. Ол шерулер ұйымдастырды, өз партиясын құрды, бірақ президенттік үшін күресуге күші жете ме? Сарапшылар оған 1% мүмкіндікті болжайды. Бұл шындыққа жанаса ма?
Ал қазіргі ел басшысы Тоқаев сайлауалды турын бастап та кетті. Әуелі Түркістанға, сосын жаңадан құрылған Абай өлкесіне барды. Іссапарларда аймақтық мәселелерді талдады. Ол өзінің реформаларының сәттілігін елеусіз түрде еске салып өтті, қазіргі геосаяси тұрақсыздық тақырыбына ой салды, соғыс пен жұмылдырудан қашқан орыстарға көмекке шақырды. Саяси амбициялары орасан зор – оның бір түйір де шегінуге ниеті жоқ сияқты.
Ресейде жұмылдыру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Ресейліктер пытырап жан-жаққа қашып жатыр. Қазақстан ең жақын мемлекет, оның үстіне бұған дейін де талай бас сауғалаған ресейлікке пана болғаны тарихи шындық. Бұл жағдайдан біз, қазақстандықтар не ұтамыз? Бұл біздің еңбек нарығымызға, экономикамызға, орыстар келетін қалаларға қалай әсер етеді? Неліктен елде жалдау ақысы қымбаттап кетті және ол кімге тиімді?
Ресейлік үгіт-насихат Қазақстанға ықпал жасауы мүмкін құралдарынан айрылып жатыр. Beeline Қазақстандағы өзінің хабар тарату желісінен кремлшіл арналарды алып тастады: бірінш арна, НТВ, Ресей-24. Рас, батыстық ақпарат құралдары да кейін көрсетілімнен алынып тасталды. Бұның бәрі шынымен не үшін жасалып жатыр?
Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісіне жаза кесілді. Қайрат Сатыбалды 6 жыл түрмеде отырады. Бірақ оның шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу мүмкіндігі бар. Оның бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланатынына күмән жоқ. Ерлан Нығматулин мен Бауыржан Байбек әзірге тергелмейтін де сияқты. Өткен аптада оларға қатысты қылмыстық істер туралы ақпараттар жалған болып шықты. Бірақ «Дикий Арманның» ісі қарқын алып келеді. Енді ол да 2016 жылдан бері ҰҚК бесінші басқармасының бұрынғы басшысы Руслан Ысқақовтың бақылауында болған қылмыстық топты ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Дегенмен, бұл дүбірлі процестің бастамасы ғана сияқты.
Шын мәнінде не болып жатыр? Апта ішінде болған барлық оқиғаларға шынайы шолу, дәлелді дәйек – біздің шығарылымда. Назарларыңыз бізде болсын!
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық