Путиннен тағы да отставкаға кету сұралды
Сурет: dw.com
Бұл жолы Мәскеу округінің депутаттары Путиннен президенттік өкілеттігін тоқтатуды сұрап отыр. Үндеуге мүмкін болатын бес адамның үшеуі қол қойған.
Мәскеудің Ломоносов ауданының муниципалдық кеңесі президент Владимир Путинді отставкаға кетуге шақырды, деп жазады «Новая газета».
«Сіздің көзқарастарыңыз, басқару үлгіңіз үмітсіз ескірген және Ресейдің адами әлеуетін дамытуға кедергі келтіретіндіктен, қызметті босатуыңызды сұраймыз» делінген үндеуде.
Депутаттар Путин бірінші және «жартылай» екінші мерзімде «жақсы реформалар жүргізгенін» айтты, бірақ содан кейін «бәрі дұрыс болмай, кері кеткен».
«ЖІӨ екі еселенген жоқ, ең төменгі жалақы жарияланған көрсеткіштерге дейін көтерілмеді, ақылды және еңбекқор адамдар Ресейден жаппай кетіп жатыр, уәде етілген тұрақтылықтың ауылы алыс».
Путин мен оның қол астындағылардың ұзақ уақыт бойы қолданып жүрген риторикасы «төзімсіздік пен агрессияға толы», бұл сайып келгенде, «елімізді қырғи-қабақ соғыс дәуіріне қайта түсірді» дейді депутаттар.
«Жұрт Ресейден тағы да қорқып, жек көре бастады, біз тағы да бүкіл әлемді ядролық қарумен қорқытудамыз» делінген үндеуде.
Айтпақшы, бұған дейін Санкт-Петербруктен келген бес депутат Путинге осындай ұсыныс айтқан болатын. Ал кейінірек, 9 қыркүйекте Санкт-Петербургте Смольный муниципалитетінің бес депутаты ресейлік армияны «қаралау» туралы хаттамалар жасады (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 20.3.3-бабының 1-бөлігі).
Бұл олардың Мемлекеттік Думадан Ресей президенті Владимир Путинге Украинадағы соғыстың басталуына байланысты мемлекетке опасыздық жасады деген айыптауды талап еткенінен кейін болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық