Путин мен Зеленский G20 саммитіне шақырылды
Сурет: eadaily.com
Ресей мен Украина президенттері биыл қарашада Индонезияда өтетін G20 саммитіне қатысуға келісті.
Соғысушы екі ел президенттерінің ықтимал кездесуі туралы Индонезияның БАӘ-дегі елшісі Хусин Багис мәлімдеді. Ол екі мемлекеттің қатысуға келісімін бергенін және қазір Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің кездесуіне белсенді дайындық жүріп жатқанын түсіндірді.
Балидегі бұл кездесу қақтығыс басталғаннан бергі алғашқы кездесу болуы мүмкін.
— Екеуі де қатысуға келісті. Жағдай оңай емес. Біз оларды қандай қонақүйлерге орналастыру керектігін шешеміз - бірі Путинге, екіншісі Зеленскийге, - деді дипломат.
Оның айтуынша, орынсыз шиеленістің алдын алу үшін ел басшылары әртүрлі қонақүйлерге орналастырылады. Рас, дипломаттың мәлімдемесінен бірнеше сағат өткен соң Украина президентінің баспасөз хатшысы Сергей Никифоров Зеленскийдің G20 саммитіне қатысу туралы шешімі туралы ақпаратты жоққа шығарды.
« Жоқ, түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ» деп келтірді Украинаның Strana.ua интернет-басылымы Никифоровтың сөзін.
Путиннің баспасөз хатшысы да саммитке келу туралы біржақты емес, бару-бармау «жағдайдың қалай өрбігеніне» байланысты болатынын айтты.
Айта кетейік, Ресейден айырмашылығы, Украина G20-ға кірмейді, бірақ Зеленский Индонезияның Украинамен «ерекше қарым-қатынаста» болғандықтан шараға шақырылды. Дегенмен кездесу әлі де күмәнді болып тұр.
Бұл ретте Қазақстанның алдағы жаһандық форумға қатысатыны белгісіз. Біздің ел де G20 үкіметтерінің клубына кірмейді.
G20 саммиті 15-16 қарашада Балиде өтеді. Аралда өтетін көпжақты форум әлемнің ең ірі 20 экономикалық басшыларын жинайды деп күтілуде. Саммиттегі басты тақырыптардың бірі әлемдегі бейбітшілік туралы болады деп болжануда. Сондай-ақ күн тәртібінде денсаулық сақтау, цифрлық трансформация және тұрақты энергияға көшу де бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық