Путиннің ұлдарының аты-жөні мен суреттері жария болды
Фото: «Агентство» басылымы
Ресейлік журналистер Роман Баданин мен Михаил Рубин «Царь собственной персоной» атты кітаптарын таныстырды. Кітапта Ресей президентінің отбасы мен бұрынғы гимнастшы Алёна (Алина) Кабаевамен қарым-қатынасына қатысты жаңа деректерді ашып көрсеткен, деп хабарлайды Orda.kz
«Агентство» басылымының мәліметіне зер салсақ, Путин мен Кабаеваның Иван және Владимир деген екі ұлы бар. Ресми құжаттарда олардың тегі — Спиридоновтар деп көрсетілген. Бұл Ресей президентінің атасы — Владимир Спиридонович Путиннің құрметіне қойылған болуы мүмкін.
Ұлдары жасырын өмір сүреді және көп уақытын Ресейдегі Валдай қаласындағы президент резиденциясында өткізеді. Сол жерде оларға арналған бөлек ағаш сарай, спа-кешен, демалыс аймағы және саябақ салынған. Әрқайсысының жеке жүргізушісі бар. Жеке көлігі және президенттің қауіпсіздік қызметінен бөлінген күзетшілері бар.
Путиннің басқа балалары да аты-жөндерінде басқа текті қолданады.
Оның алғашқы некесінен туған қыздары Тихонова және Воронцова деген текті алған. Ал некесіз қызы Розова тегімен танылған. БАҚ дерегінше, Розова біраз уақыт Францияда Елизавета Руднова деген есіммен өмір сүріп, тіпті Париж галереясында жұмыс істеген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық