«Путиннің Тоқаевқа алғысы»: Екі ел басшысы қандай келісімге келді?
Фото: Ақорда
27 қарашада Астана қаласында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі өтті. Келіссөздер барысында екі ел басшылары сауда-экономикалық, энергетикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты қамтитын кең ауқымды мәселелерді талқылап, 20 маңызды келісімге қол қойды. Путин жылы қарсы алғаны үшін және орыс тілін дамытуға ден қойғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Тоқаев Қазақстан мектептеріндегі оқушылардың үштен бір бөлігі орыс тілінде білім алатынын тағы бір мәрте атап өтті. Владимир Путин болса Қазақстанда орыс тілінің еркін қолданылуын жоғары бағалады.
«Бұл мәселенің республика басшылығы тарапынан жан-жақты қолдау тауып жатқанын байқап отырмыз және Қазақстан президентіне орыс тіліне арналған Халықаралық ұйым құру туралы бастамасы үшін ризашылығымызды білдіреміз. Бұл ұйымның қызметі мемлекетаралық және ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде орыс тілін қолдап, дамытуға ықпал етеді деп сенемін», – деп мәлімдеді Владимир Путин.
Ресейде ҚазҰУ филиалы ашылды
Қазақстан мен Ресей президенттері Омбы қаласында ҚазҰУ филиалын ресми түрде ашты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бейнеконференция байланысы арқылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Омбы мемлекеттік университеті базасында ашылған филиалының ашылу рәсіміне қатысты.
Ресейдегі алғашқы қазақстандық жоғары оқу орнына талапкерлерді қабылдау 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған.

Қазақстан мен Ресей үкіметтері студенттерді оқытуға 200 грант бөлді.
ҚазҰУ филиалында «Халықаралық құқық», «Қазақ филологиясы» және «Кеден ісі» мамандықтары бойынша бакалаврлар мен магистранттар даярланады. Алдағы уақытта қосдипломды білім беру бағдарламаларын іске асыру мәселесі қарастырылмақ.
Оқу қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Келіссөздер
2023 жылы екіжақты тауар айналымы 27 млрд долларға жетті. Келіссөз бойынша енді 30 млрд долларға дейін арттыру көзделіп отыр. Осылайша екі елдің сауда қарым-қатынасына көңіл бөлінбек.

Жалпы құны 18,3 млрд доллар болатын 93 бірлескен жоба жүзеге асырылып, 22 мың жұмыс орны ашылды. Келіссөз бойынша алдағы уақытта құны 29,5 млрд доллар болатын 49 жаңа жоба қолға алынбақ.
Қазақстан мен Ресей газ саласында, оның ішінде газды Өзбекстан мен Қырғызстанға транзиттеу бойынша ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр. Еуразия кеңістігіндегі байланыстарды нығайту мақсатында маңызды көлік-логистикалық нысандардың құрылысы басталды.
Қазақстан 2023 жылы 27 млн тонна дәнді дақыл жинап, рекорд орнатты. Бірлескен жобалар шеңберінде сүт және құс фабрикаларын салу арқылы импортқа тәуелділікті азайту көзделіп отыр.
Ресейлік компаниялармен бірлесіп полипропилен, полиэтилен, шиналар және машина жасау жабдықтарын өндіру бойынша жобалар жүзеге асырылып жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресеймен стратегиялық серіктестіктің маңыздылығын айтып, өзінің мақаласындағы ойын айта кетті:
«Қазақстан осындай күрделі кезеңде Ресейдің сенімді стратегиялық серіктесі әрі одақтасы екенін және алдағы уақытта да бұл бағыттан айнымайтынын атап өттім», – деді.
Владимир Путин екі ел арасындағы өзара түсіністіктің жоғары деңгейін ерекше атап өтіп:
«Мен екі ел арасында шешілмейтін түйткіл жоқ екенін жақсы білемін», – деді.
Сапар аясында ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Форумда инвестиция және көлік салаларындағы ықпалдастықтың болашағы талқыланды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық
