Путинге қарасты кеңес «Северный Казах» бойынша Қазақстанға үндеу жібермек
Фото: әлеуметтік желіден
Ресей президенті Владимир Путин жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңес «Северный Казах» деген атпен танымал қазақстандық блогер Аслан Төлегеновке үндеу дайындап жатыр. Бұл туралы РФ президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңестің мүшесі Марина Ахмедова мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Блогер Аслан Төлегенов ұлтаралық алауыздық қоздырғаны және көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды. Марина Ахмедова Азия елдерінде ресейшіл блогерлерді қудалау үрдісі барын айтты. Оның пайымдауынша, ресейшіл блогерлердің қарсыластары – жергілікті радикалдар екен.
«Сол үшін бұл істердің барлығы бізге тікелей қатысты», — дейді Ахмедова.
Ол Төлегеновті ресейшіл блогер деп атады.
«Ол Қазақстан мен Ресейдің жақындасуын жақтады. Ол Ресейдің арқасында Қазақстан өркениетті елге айналғанын айтты. Сондықтан оның көптеген жаулары пайда болды. Алдымен сот оны желідегі жауабына бола жеті күнге қамауға алды. Кейін 2 айға қамалып, ақыры бас бостандығынан айырылды» деп жазды Ахмедова.
Айта кетейік, соттың мәліметі бойынша, «Северный Казах» Youtube-та өз арнасының авторы және әкімшісі бола отырып, ұлттық алауыздықты қозғауға бағытталған бейнероликтерді жариялаған.Сонымен қатар, ол жалған ақпарат таратқан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық