Путинді билікке әкелген Анатолий Чубайс Ресейден кетті
Анатолий Чубайс Ресей президентінің тұрақты даму жөніндегі арнайы өкілі қызметінен босап, елден ұшып кетті.
Бұл туралы екі ақпарат көзіне сілтеме жасап Bloomberg хабарлады.
Ресейдің тұрақты даму жөніндегі арнайы өкілі Анатолий Чубайс президент Владимир Путиннің Украинадағы соғысына қарсылығын сылтауратып, отставкаға шығып, елден кетіп қалды. Жағдаймен таныс екі адамның айтуынша, бұл Ресейдің Украина басып кіруіне байланысты отставкаға кеткен ең жоғары деңгейдегі шенеунік болды.
«Коммерсантъ» газетінің мәліметінше, кеше Анатолий Чубайс Ыстамбұлда көрінген.

66 жастағы Чубайс 1990 жылдардағы Путин үкіметінде қалып, Батыс шенеуніктерімен тығыз байланыста болған санаулы экономикалық реформаторлардың бірі. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жағдайға түсініктеме бермеді.
1990-шы жылдардағы ресейлік жекешелендірудің сәулетшісі ретінде белгілі Чубайс Путинге Кремльдегі алғашқы лауазымын 1990-шы жылдардың ортасында берген. Оның билікке келуін сол онжылдықтың соңында құптады. Путин тұсында Чубайс президент оны өткен жылы тұрақты даму жөніндегі елші етіп тағайындағанға дейін ірі мемлекеттік компанияларда басшылық қызметтер атқарды.
Соғыстан кейін үкімет басқыншылықты сынаушыларға қысымды күшейтті. 16 наурызда Путин Ресейді АҚШ пен оның одақтастарына жасырын жұмыс істейді деп айыптайтын «сатқындардан» тазартатынын ескертті. Экономикалық дағдарысқа тап болған Ресей басшысы Батысты Ресейді жойғысы келеді деп айыптады.
Еске салсақ, Ресей президенті Владимир Путин Донбас республикалары басшыларының үндеуіне жауап ретінде арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдап, Украинаға қарсы соғыс жариялады. Алайда Ресей басшысы Мәскеудің жоспарында Украина аумақтарын басып алу жоқ екенін айтқан болатын.
2 наурыз күні таңертеңгі жағдай бойынша Ресей әскері 5840 адамынан айрылды. Сондай-ақ, 60-тан астам ұшақ пен тікұшақ, 862 бронетранспортер, 85 артиллериялық жүйе және басқа да көптеген техника жойылды. 28 ақпандағы жағдай бойынша 352 бейбіт тұрғын, оның ішінде 16 бала қаза тауып, 2040 адам жарақат алды.
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей әскерінің шабуылдың алғашқы сағаттарынан бастап азаматтық инфрақұрылымға соққы беріп жатқанын айтты. Президенттің айтуынша, Ресей басқыншы әскерлерінің Украинадағы әрекеттерінде геноцид белгілері бар.
27 ақпанда Украина «басқыншылықты ақтау мақсатында геноцид ұғымын бұрмалағаны үшін Ресейді жауапқа тартуды» талап етіп, Халықаралық сотқа Ресейге қарсы шағым түсірді. Ресейдің Украинаға басып кіруіне қатысты тергеуді Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры Кәрім Ханның өзі бастады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық