Путин жақын арада өледі – Рыбчинский
Украиналық ақын, Украинаның халық әртісі Юрий Рыбчинский Ресей президенті Владимир Путиннің есімі жалпыға ортақ зұлымдықтың синонимі ретінде тарихта қалады деп есептейді.
Бұл туралы Юрий Рыбчинский «GORDON» интернет-басылымының бас редакторы Алес Батсманға берген сұхбатында айтты.
– Әр адам сияқты, Путин де ерте ме, кеш пе өледі. Мүмкін оны өлтіреді. Оған не болатынын мен білмеймін. Оның өмір сүруіне көп уақыт қалған жоқ деп ойлаймын. Ол кеткенде оның есімі тарихта қалады. Өркениетті әлемнің қарғысына ұшырап, зұлымдық синониміне айналады. Кезіндегі Гитлер мен Сталиннің есімі сияқты. Бұл шайтан жалпыға ортақ зұлымдықтың синонимі болады. Оны тарихта ондаған жылдар, мүмкін ғасырлар бойы қорқынышты балама күтіп тұр, – деді ақын.
Оның айтуынша, Путин істері оның психикалық проблемалары бар екенін көрсетеді.
– Менің ойымша, Путин ауырып жүр. Бұл туралы америкалықтар да, британдықтар да айтып жатыр. Оның істеп жүргені сау адамның ісі емес. Дегенмен Лукашенконың психикалық ауру екені туралы анықтама болса, Путинде ондай куәлік жоқ. Адамзаттың Путинге қатысты соты қазірдің өзінде басталды, – деді Рыбчинский.
Еске салсақ, 2022 жылдың ақпан айының соңында, Украинаға басып кіргеннен кейін көп ұзамай Ресей президенті Владимир Путин Ресей әскеріне ядролық қаруы бар тежеу күштерін арнайы дайындық режиміне көшіруді бұйырды. Кремль басшысы өз шешімін НАТО елдерінің жоғары лауазымды тұлғаларының Ресейге қарсы «агрессивті мәлімдемелерімен» түсіндірді.
АҚШ Путиннің шешімін айыптады. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки Ресей президенті «бұдан әрі агрессияны ақтау үшін жоқ қауіптерді тудырады» деп мәлімдеді. Пентагонның пайымдауынша, егер Украина Ресей басқыншылығынан сәтті қорғанса, Путин Батысты ядролық қарумен қорқыта береді.
23 наурызда НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейдің ядролық қаруды қолданамын деп қорқытуын «қауіпті және жауапсыз» деп атады.
– Ресей өзінің ядролық қаруын бұлдауын тоқтатуы керек. Бұл қауіпті және жауапсыз. НАТО барлық одақтастарын қорғау үшінРесейге ядро лық соғысты жеңуге болмайтыны мен ешқашан жүргізілмеуі керектігі туралы өте айқын хабарлама жібереді, – деді Столтенберг.
Қытай сабырға шақырды. Қытай сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ван Вэнбин барлық тараптар сабыр сақтап, одан әрі шиеленісуден аулақ болуы керек екенін айтты.
Украина сыртқы істер министрлігі бұл Украина мен Ресей арасындағы келіссөздердің бірінші раунды басталар алдында украин делегациясына қысым көрсетудің бір жолы болды деп есептейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық