Путин Украинадағы соғысқа түбегейлі нүкте қоятын шарттарды атады
Фото: РИА
Ресей президенті Владимир Путин Украина бірнеше шартты орындаса, соғысты тоқтататынын айтты.
Бұл туралы Ресей президенті сыртқы істер министрлігі басшылығымен кездесуде айтты.
Путин Украинамен кесілімге келу үшін олар ЛНР, КХДР, Херсон және Запорожье облыстарының түкпір-түкпірінен әскерін шығаруы керек деген талап қойды.
«Киев осы шешімге тоқтап, әскерін шығара бастаса, сонымен қатар, НАТО-ға қосылу жоспарынан бас тартатынын ресми хабарласа, дереу оқ атуды тоқтатып, келіссөз жүргізу жайлы бұйрық шығарылады. Тағы айтамын. Біз тез арада соғысты тоқтатамыз», –деді Путин.
Путиннің сөзінше, бұл соғысқа түбегейлі нүкте қоятын ұсыныс.
«Осы жолы да біз расымен соғысты тоқтататын бейбіт ұсыныс жасап отырмыз. Егер Киев пен батыс астаналары ұсыныстан бас тартып жатса, саяси жағынан да, моральдық жауапкершілік жағынан да қантөгістің жалғасуы солардың мойнында болады», – деді Путин.
Путин өз шартында ерекше атап өткен талаптар:
- Украинаның бейтарап болуы, әскери ұйымдардың қатарында болмауы, ядролық қарудан бас тартуы;
- Украина жерінде демилитаризация және денафикация;
- Қырым, Севастополь, КХДР, ЛНР, Херсон және Запорожье облыстарын халықаралық шарттарға сәйкес Ресейдің жері деп бекіту;
- Батыстың барлық санкцияларын алып тастау.
Жаңалықтар
- Көпжылдық сенім қылмысқа ұласты: Жетісу тұрғынының 46 млн теңгеге бағаланған малы ұрланды
- Маңғыстау даласын қоқыс жапты: Аймақ даулы бейнежазбадан кейін тазартылды
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген