Путин Украинаға әскери араласуды мәжбүрлі шара деп атады
Фото: Mikhail Klimentyev / Sputnik / AFP
Ресей президенті Владимир Путин Украинаға әскери басып кіруді мәжбүрлі шара деп атады.
«Әскери операция - бұл мәжбүрлі шара. Басқа мүмкіндік жоқ» деді Путин ресейлік телеарнада Ресейдің ірі бизнесмендерімен кездесуінде.
Батыс жариялаған кең ауқымды санкциялар мен ресейлік қор нарықтарының күйреуі аясында ол кәсіпкерлерді «Ресей әлемдік экономиканың бір бөлігі болып қала береді» деп сендірді.
«Біз өзіміз тұрған жүйеге зиян келтірмейміз. Біздің серіктестер мұны түсінуі керек» деді Путин.
Еске салсақ, 24 ақпан күні таңертең Ресей президенті Владимир Путин Украинада арнайы әскери операция өткізу туралы шешімін жариялап, сол арқылы оған соғыс ашты. Украина әскерилерінің айтуынша, шабуылға Беларусь те қатысып жатыр. Украинаға басып кіру Зеленскийдің ресейлік теледидарда сөйлеген сөзі аяқталмай тұрып басталған. Украинада әскери жағдай енгізілді, ал президент Владимир Зеленский украин әскерлеріне ресейлік әскерлерге барынша төтеп беруді бұйырды. Бұған қоса, Украина Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасын үзді.
Айта кетсек, Қазақстанда Украинадағы соғысқа байланысты әуе жолаушыларына сенім телефоны іске қосылды. Сонымен қатар, қазақстандық әуе компанияларына Украинаның үстінен ұшуға тыйым салынды. Ресей Украинамен шекаралас қарулы қақтығыстар аймағындағы барлық елдерге әуе кеңістігін жабуды ұсынды.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Украинадан қазақстандықтарды эвакуациялау басталды. Украинада 1600-ден астам қазақстандық консулдықта уақытша және тұрақты есепте тұр.
Екі жақтан да бейбіт тұрғындардың қаза тапқаны хабарланып отыр. Осының салдарынан Украина Ресейден әйелдер мен балаларға гуманитарлық дәліз беруді талап етті.
24 ақпан күні кешке Ресей әскерилері Украинадағы 74 әскери инфрақұрылым нысанының жойылғанын хабарлады.
Украинаға басып кіру Ресейдің өзінде жаппай наразылық тудырды - Ресейдің ірі қалаларында жаппай соғысқа қарсы акциялар басталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық