Путин Тоқаевқа Аляскадағы келіссөздердің егжей-тегжейін айтып берді
Фото:Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті.Қазақстан Президенті Анкоридж қаласында өткен Дональд Трамппен кездесу нәтижелерімен әріптесін құттықтады.
Оның пікірінше, бұл келіссөздер АҚШ тарапына Украина мәселесі бойынша Ресей ұстанымын жақсырақ түсінуге сеп болды және осы күрделі мәселе бойынша ымыраға келу жолдарын іздеуге көмектеседі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Аляскадағы саммитті Ресейдің халықаралық аренадағы позициясын нығайту және өзара түсіністікті арттыру тұрғысынан үлкен серпіліс деп атады.
Сондай-ақ ол сапардың шебер ұйымдастырылғанын атап өтті, бұл қазіргі шиеленіскен жағдайда үлкен саяси маңызға ие екенін жеткізді.
Өз кезегінде Владимир Путин Аляскада өткен келіссөздердің кейбір нақты қырлары жөнінде әріптесін хабардар етті.
Әңгіме соңында Қазақстан Президенті энергетика саласындағы конструктивті ынтымақтастық үшін Ресей басшысына алғысын білдірді.
Айта кетейік, Қазақстан Владимир Путин мен Дональд Трамп арасындағы келіссөздерді оң бағалады. Мемлекет басшысы бұл кездесулерді тарихи деп атады.
АҚШ Президентімен кездесу қарсаңында Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа қоңырау шалған болатын. Ал екі күннен кейін, Украина тарапының бастамасымен, Мемлекет басшысы Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық