Путин Назарбаевқа: Қазақстан сіздің басшылығыңызбен жоғары беделге ие болды
Ресей Президенті Владимир Путин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президентінің алғашқы жалпыхалықтық сайлауындағы жеңісінің 30 жылдығымен құттықтап, жеделхат жолдады. Жеделхаттың мәтіні Кремль сайтында жарияланды.
Тұңғыш президент күніне арналған бұл құттықтау хатта Елбасының еңбектері айтылған. Владимир Путин Назарбаевтың бойында мемлекет қайраткерінің мол тәжірибесі бар екенін баса айтты.
– Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы! Қазақстан Республикасы Президентінің бірінші жалпыхалықтық сайлауындағы жеңісіңіздің 30 жылдығына – атаулы датаға орай шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз. Сіздің мемлекет басшысы болған жылдарыңыз қазіргі заманғы қазақстандық мемлекеттік қалыптасу кезеңіне айналды. Сіздің басшылығыңызбен республика экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық және басқа да салаларда тамаша жетістіктерге қол жеткізді. Әлемдік аренада жоғары беделге ие болды.
– Сіздің ресейлік-қазақстандық стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынасты қалыптастыруға әрі дамытуға, сонымен қатар посткеңестік кеңістіктегі өзара тиімді интеграциялық процесстерді, ЕуразЭС, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ және өзге де көпжақты құрылымдар аясындағы сындарлы ынтымақтастықты жолға қоюға қосқан жеке үлесіңізді бағалау өте қиын. Сіздің бойыңыздағы мемлекет қайраткерінің мол тәжірибесі, жан-жақты білім, саяси даналық пен көрегенділік Қазақстанға да, халықаралық істерде алдағы уақытта да қажет бола беретіндігіне күмән келтірмеймін. Біздің адал қарым-қатынасымызды шынайы бағалаймын және достық байланысымыздың жалғасатындығына сенемін. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт, жан сергектігі мен табыстар тілеймін! Құрметпен, Владимир Путин, - делінген Путиннің жеделхатында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық