Путин келіссөздердің орнына Украинаның барынша көп аумағын басып алуды жоспарлап отыр – FT
Владимир Путин Украинамен соғысты тоқтату жөніндегі дипломатиялық күш-жігерге деген қызығушылығын жоғалтты және оның орнына мүмкіндігінше Украина аумағын басып алуға ниетті сияқты.
Бұл туралы Financial Times Ресей президентінің жоспарларымен таныс үш адамға сілтеме жасап хабарлайды.
Олардың айтуынша, Ресей наурыз айында елдің солтүстігіндегі шабуылда жеңіліс тапқаннан кейін Украинамен бітімгершілік келісімге келуді шындап ойластырған Путин қақтығысты тоқтатуға тырысқан адамдарға бітімге келу перспективасын көрмегенін айтқан.
«Путин [ресейлік] теледидардан естіген ақымақ сөздерге шынымен сенеді және үлкен жеңіске жетуді қалайды» деді келіссөздерден хабары бар адам.
Мәскеу мен Киев наурыз айының соңында Ыстамбұлда өткен кездесуде бітімгершілік келісімнің бірінші жобасы бойынша келісті, бірақ Украина президенті Владимир Зеленский Ресейді Буча мен Мариупольде бейбіт тұрғындарға қарсы әскери қылмыс жасады деп айыптағаннан кейін келіссөздер тоқтап қалды. Украина Мәскеу крейсерін суға батырғаннан кейін Путин қатты ашуланғанын екі дереккөз FT агенттігіне хабарлаған.
«Мәміле жасауға үміт болды. Путин бұл жағдайдан жеңімпаз ретінде шығудың жолын табуы керек. «Мәскеу» крейсері суға батқаннан кейін Путин қол қоюға қарсы болды. «Мәскеуден» кейін ол жеңімпазға ұқсамайды, өйткені бұл қорлау болды» деп қосты дереккөз.
Украина мен Батыс шенеуніктері Путиннің бітімгершілік келіссөздеріне берілген уақытына күмән келтіріп, бұл кейінгі шабуылдарға уақыт ұтудың бір жолы деп санайды.
Дереккөздің ақпараты бойынша, Ресей президенті өз генералдары айтқан және ресейлік телеарналар көрсеткендей, соғыс туралы бұрмаланған көзқарасты ұстанатын сияқты. Путин барлық дәлелдерге қарамастан, ресейлік әскер бейбіт тұрғындарды нысанаға алмағанын айтады.
Сондай-ақ, FT дереккөзі Владимир Путиннің Владимир Зеленскиймен бетпе-бет кездесуден қашып жүргенін айтты: «Ол барлығын олар жеке кездескенге дейін шешкенін қалайды».
Financial Times екі дереккөзінің айтуынша, егер Ресей майданда табысқа жетпесе, тактикалық ядролық қаруды қолдануы мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық