Путин Қазақстандағы Росатом жобалары туралы мәлімдеді
Фото: РИА
Ресейлік «Росатом» корпорациясы Қазақстан аумағындағы жаңа ауқымды жобаларға қатысуға әзір екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин «Казахстанская правда» газетінде жарық көрген мақаласында жазды.
Ресей көшбасшысының айтуынша, Қазақстанда Ресейдің қатысуымен 23 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Ал Ресейден Қазақстан экономикасына құйылған инвестициялардың жалпы көлемі 13 миллиард доллардан асты.
«Екі елдің компаниялары өнеркәсіптік кооперация мен жоғары технологиялар саласында ірі бірлескен жобаларды жүзеге асыруда. Бұл экономиканы жаңғыртуға және екі мемлекеттің технологиялық тәуелсіздігін нығайтуға ықпал етеді», – деді Путин.
Мақалада уран өнеркәсібіне ерекше назар аударылған. «Росатом» бірегей тәжірибесі арқылы ядролық-отын циклындағы жобаларды қолдауға және қазақстандық тараппен әріптестікті кеңейтуге дайын екенін жеткізді.
Сонымен қатар, Путин «таза» энергия, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруімен күрес салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін де атап өтті.
Еске сала кетсек, Orda.kz Путиннің екінші дүниежүзілік соғыстың 80 жылдығына Тоқаев пен Қазақстандықтарды шақырғаны жайлы жазған болатын.
Жаңалықтар
- Әділет Жауғашар «Сүй иә» әнінің сөзін өзгертті
- «13 млн теңге несие ал!» Алаяқтардың айтқанын орындап, полицияға да, ұлына да сенбеген
- Байзақ ауданында полиция басшысының экс-орынбасары пара алған
- Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, төрағалары сайланды
- Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды
- Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды
- Алматыда ұшақ өртенді
- Маңғыстауда жасөспірім қызды бірнеше адам жабылып ұрып-соққан
- «QARMET» АҚ-ға 1,5 млрд теңге залал келтірген ҰҚТ-ның 13 қатысушысы сотталды
- Тоқаев: Қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады
- Тоқаев Құрылтай спикері қызметіне Айбек Дәдебайды ұсынды
- Тоқаев 16 жасқа толмағандардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салуды қолдады
- Тоқаев Құрылтайдың басты міндеттерін атады
- Әлемде жаңа тәртіп қалыптасып жатыр. Ол кереғар сипатқа ие - Тоқаев
- Президент: Өткен қайғы-қасіретті ұлттық болмысымыздың арқауы етуге болмайды
- Мемлекеттердің, әсіресе ірі елдердің арасындағы сенімге селкеу түсті — Тоқаев
- Тоқаев: Сайлау ашық әрі әділ өтті, өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды
- Тоқаев үкіметті таратты
- Алматыда клубтан шыққан қыздың шашынан сүйреп, аяусыз соққыға жыққан
- Тойдан кейін төрт адамға оқ атылған: Жамбылда бес тұрғын 17 жылға сотталды