Путин Дональд Трампты ызаға булықтырды
Фото: Ақ үй
Аляска саммитінде Путин Украинамен келісімге келу жөніндегі Трамптың ұсынысынан бас тартып, Русьтің, Рюриктің және Ярослав Мудрының шығу тегі туралы ұзақ «дәріс» оқыды. Оның бұл әрекеті Трамптың ызаландырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бірнеше кеңесшінің көзінше Путин атысты тоқтату үшін Қырымды мойындау туралы Трамптың ұсынысын қабылдамай, Украина тізе бүгіп, Донбасты берген жағдайда ғана соғыс аяқталатынын айтты. Содан кейін Путин IX ғасырдағы Новгород князі Рюрик, XI ғасырдағы князь Ярослав және XVII ғасырдағы казак гетманы Богдан Хмельницкий жайлы ұзақ «лекция» оқыды. Ол Украина мен Ресейдің бір ел екенін айтып, көбіне осы тұлғаларды мысалға келтірді.
Бұл сөздер Трамптың ашуына тиіп, бірнеше рет дауыс көтерді. Тіпті кететінін де айтты. Осылайша ол кездесуді тоқтатты. Содан кейін экономикалық мәселелерді талқылауға арналған делегациялардың жоспарланған түскі асын өткізбеді.
Еске сала кетейік, Украина президенті Владимир Зеленский Вашингтонға барды. Ол алдымен АҚШ-тың қорғаныс және энергетика компаниялары өкілдерімен, одан кейін президент Дональд Трамппен кездеседі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық