Путин бұйрығымен Қазақстан мұнайының экспорты тоқтады
Фото: РИА Новости/ Михаил Климентьев
Ресей президенті Владимир Путиннің жаңа жарлығына байланысты қазақ мұнайының Қара теңіз арқылы экспорты тоқтатылды, деп хабарлайды Orda.kz Reuters-ке сілтеме жасап.
Каспий Құбыржол Консорциумы (КҚК) арқылы Қара теңізге жеткізілетін қазақстандық мұнай экспорты уақытша тоқтап қалды. Бұған Путиннің жарлығы себеп болды. Жаңа ережелерге сәйкес, Ресей порттарына кіретін шетелдік танкерлер енді ФСБ-дан арнайы рұқсат алуы тиіс. Бұл талап Қара теңіздегі басты мұнай айлақтарында жүктеу жұмыстарына әсер етіп, шетелдік мұнай танкерлеріне уақытша шектеу қойылған.
Бұл шешім Каспий Құбыржол Консорциумының да қызметін тежеп отыр. Каспий консорциумы арқылы Қазақстан мұнайының 80%-дан астамы Новороссийск порты жанындағы «Озерейка» терминалы арқылы экспортталады. Консорциумда Chevron мен ExxonMobil секілді америкалық алып компаниялардың үлесі бар.
Reuters дерегінше, бұл шектеулер жаһандық мұнай жеткізілімінің 2%-ына әсер етуі мүмкін.
Жарлық Еуропалық одақ Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізгеннен кейін қабылданған. КҚК мен Ресейдің Көлік министрлігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме беруден бас тартты. Сала сарапшыларының болжауынша, мәселе бірер күнде шешілуі мүмкін.
Бұл жағдайға Энергетика министрлігі пікір білдірді.
«Бүгінгі таңда Қазақстан мұнайын Ресей Федерациясының теңіз порттары арқылы жөнелту тоқтатылмады. Усть-Луга портындағы жағдайға байланысты көлік инфрақұрылымы нысанының қорғалуын арттыратын қосымша шаралардың қолданысқа енгізілуіне байланысты «ҚазТрансОйл» АҚ «Невская құбыр компаниясы» ЖШҚ-мен келіссөздер жүргізуде», деп хабарлады министрлік.
Айта кетейік, Тимур Құлыбаевтың банкі Өзбекстандағы төлем желісінің жартысын сатып алады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық