Путин: Қазақстан – орыс тілді ел
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанды «орыс тілді ел» деп атады.
Бұл туралы Ресей Федерациясының басшысы жыл сайынғы үлкен баспасөз мәслихатында айтты.
– Елдегі орыс тілін қолдағаны үшін ел басшылығына ризамын. Қазақстан – орыс тілінде сөйлейтін ел», – деді Путин.
Оның айтуынша, Қазақстанда орыс тілінде оқытатын мектептер мен ЖОО филиалдары салынып жатыр.
Аталаған баспасөз мәслихатында Ресей президенті Қырым мен Украинаға қатысты жағдайға түсінік берді. Сонымен қатар, НАТО-дан жауап талап етті.
Сонымен қатар, Ресей президенті Владимир Путин өзінің жыл сайынғы үлкен баспасөз мәслихатында Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейресми саммитке келуін күтетінін айтты.
Владимир Путин Қазақстан Ресей үшін жақын одақтастардың бірі екенін атап өтті.
– Біздің Қазақстанмен бірегей қарым-қатынастарымыз қалыптасты. Олар Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен және қазір жаңа президенттің жалғастыруымен қолға алынды. Олармен мен жақын және достық қарым-қатынастамын, – деді ол.
Ресей президенті сондай-ақ пандемия Қазақстанға жоспарланған іс-шараларды нақты режимде өткізуге мүмкіндік бермейтінін атап өтті.
– Бірақ, мен Қазақстан президенті мен Қазақстанның тұңғыш президенті шақыруымды қабыл алып, келесі аптада Петербургке ЕАЭО және ҰҚШҰ мүшелерінің дәстүрлі бейресми кездесуіне келеді деп үміттенемін. Мен бұған өте сенемін. Қазақстан басшылығы бұған алдын ала келісімін берді, – деді Путин баспасөз мәслихатында.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы айтқандай, президент 28 желтоқсанда Санкт-Петербургте өтетін ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысады. Іс-шара барысында достастық аясында атқарылған бірлескен жұмыстың қорытындылары талқыланып, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қаралады деп күтілуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық