Путин Астанаға келді

cover

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға ресми сапармен келді.

Елорда әуежайында Ресей мемлекетінің басшысын Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Сапар барысында екі ел басшылары Қазақстан-Ресей стратегиялық әріптестігінің өзекті мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, президенттер бейнеконференция арқылы Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің 19-шы өңіраралық ынтымақтастығы форумына қатысады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар