Путин 22 миллионға жуық жалған дауыс жинады – БАҚ
Фото: Кремль
«Важные историй» басылымы сарапшы Сергей Шпилкиннің әдісі бойынша дауыстарды санағаннан кейін осындай қорытындыға келді.
Ресейлік физик және сайлау жөніндегі сарапшы Сергей Шпилкин әзірлеген әдістің мәні мынада: сайлауда сайлаушылардың қатысуы артқан бір кандидат үшін өте көп дауыс беру мүмкін емес. Егер солай болса, бұл аномалия болып саналады.
«Важные историй» журналистері Ресей Федерациясындағы дауыс беру нәтижелерін зерттегеннен кейін дәл осы Путинге берілген дауыстардың қалыпты өсімін анықтады. Олар бұл дауыстардың кем дегенде 22 миллионы жалған деген қорытындыға келді.
«Біз өз есептеулерімізде Мәскеудегі дауыс беру нәтижелерін есепке алмадық, өйткені Орталық сайлау комиссиясы сайлау учаскелеріндегі және интернеттегі нәтижелерді біріктірді. Бұл деректер талдау нәтижесін бұрмалауы мүмкін» дейді басылым.
Естеріңізге сала кетейік, Ресей Федерациясында президенттік сайлау 15-17 наурыз аралығында өтті. Ресей Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Владимир Путин сайлаушылардың 87 пайыздан астам дауысын жинап, жеңіске жетті. Бұл абсолюттік сан бойынша 76,3 млн адам Путинге дауыс берген болып саналады.
Сонымен қатар, тәуелсіз exit-poll мәліметтері бойынша, Ресейден тыс, соның ішінде Қазақстандағы сайлау учаскелерінің көпшілігінде Путин лайықты дауыс жинамаған.
Жаңалықтар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- Сұлулық жауһары: Шолпының қандай түрлері бар?
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты
- Индонезияда тікұшақ апаты: Борттағы барлық адам опат болды
- Семейде қосымша нәпақа табам деп жұмыс істеп жүрген студент қолынан айырылды
- Қарағанды облысында жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты
- Алматыда қар көшкіні мен тас құлау қаупі: ТЖД ескерту жасады
- Шымкентте 1,7 млрд теңгенің негізсіз бюджет шығындары анықталды
- Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан Иранмен бірлескен жобаларын уақытша тоқтатты
- Ерлан Қошанов Парламентаралық Одақтың 152-ші Ассамблеясында сөз сөйледі
- Израиль мен Ливан арасында 10 күндік бітім жарияланды — Трамп
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумға қатысады