Психикалық мекемеге жатқызылған ауытқуы бар бойжеткен емделудің орнына жүкті болды
Фото: Envanto
Түркістан облысында психикалық мекемеге жатқызылған ауытқуы бар бойжеткен емделудің орнына жүкті болып шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Qaz365.kz мәліметінше бұл жайлы екі бойжеткеннің анасы мәлімдеді. Кәмелет жасына толмаған олардың бірі тіпті ауруханадан емделіп шығудың орнына жүкті болып шыққан. Осыған қарамастан науқастарға азғындық жасады деген орталық қызметкерлері әлі күнге дейін жауапқа тартылмаған.
Психикалық ауытқушылығы бар бойжеткеннің анасы 17 жастағы қызына үш жыл бұрын шизофрения диагнозы қойылып, содан бері психикалық денсаулық орталығында ем алғанын айтады. Алайда облыстық мекемеге емдеуге жіберген қызы қорланып келген. Зорлықтың қашан басталғаны белгісіз. Белгілісі науқастың бойына бала біткенін анасы екі ай өткенде білген.
«Узиге апардым. Сол кезде 10 апта 4 күн деп берді. Бір емес екі узиге түсірдік. Сол кезде іштегі баланың екі жарым айлық екенін білдік. Қызым айтты тергеуде «темір кереуетке, теледидар бөлмесінде, камерасы жоқ жерде аяқ-қолын темір төсекке байлап, тартып, ұйықтататын аминазин деген уколды салып тұрып, екі санитар істеген екен. Олар мұны камерасы жоқ жерде, баспалдақта да, төбені жинатамыз деп шатырға шығарып істеген», - дейді анасы.
Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығында жатып қызметкерлерге қорландым деген тағы бір бойжеткен бар. 21 жастағы науқас болған жайды бірден жақындарына мәлімдеген. Жәбірленушіден анализ де алынған. Алайда арызды бірден қабылдамаған құзырлы орган өкілдері үш айдан бері қол қусырып отыр дейді зорлық көрді деген қыздың анасы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық