Психикалық мекемеде емдеудің орнына екі қабат қылғандар құрықталды
Фото: «Азаттық радиосы»
Шымкенттегі психикалық денсаулық орталығында зорлық-зомбылық жасады деген тағы бір оқиға анықталды. Тағы бір науқас мекеме қызметкерлері тарапынан жәбір көргенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін 17 жасар қыз өзінің қорлық көргенін айтқан болатын. Ол жүкті болып, денсаулығына байланысты түсік жасатуға мәжбүр болды.
Полиция екі оқиға бойынша да қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Күдікті ретінде орталықтың екі қызметкері қамауға алынды.
«Қазіргі уақытта кешенді тергеу шаралары жүргізіліп, екі күдікті соттың рұқсатымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», делінген департамент түсіндірмесінде.
Еске сала кетейік, бұл жаға ұстатар жәйт қараша айында белгілі болды. Шизофрения диагнозы қойылған 17 жастағы науқастың анасы айтқандай, психиатриялық орталықта небары 2 ай жатқаннан кейін қызының күтпеген жерден жүкті болып қалғаны анықталған.
«Сол мекеменің қызметкерлері, яғни екі санитар қыздың дәрменсіз жағдайын пайдаланып келеке еткен. Арам ойларын санитарлар бақылау камерасы жоқ бөлмеде қыздың аяқ-қолын байлап, ұйықтататын иньекция салып іске асырған», – деген болатын 17 жасар қорлық көрген қыздың анасы.
Ал медициналық мекеме болған оқиғаларға қатысты түсінік беруден бас тартты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық