«Пшөн далада қалды»: Атыраулық шебер жанайқайын жеткізді

Атыраулық шебер су тасқыны кезінде бөгет тұрғызуға көмектескен Пшөн есімді иттің темірден жасалған мүсіні керексіз болып қалғанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы ақпарат инстаграм желісіндегі abdulla_kz_kz парақшасында тарады. Су тасқыны кезінде көпшілікке көмектескен итті атып тастаған еді. Сол оқиғадан кейін Азамат Кенжеғалиев есімді темірден мүсін жасайтын шебер Пшөннің мүсінін жасауға кірісті.
«Пшөннің атылуы көптің жанын жаралады. Мен де оның есімі ел есінде қалғанын қаладым. Солайша, өзімде тұрған жүрекше темірлерді пайдаланып, иттің мүсінін жасауға кірістім», - деп жауап берді Азамат Кенжеғалиев.
Шебер Пшөннің естелік мүсінін бір ай ішінде жасап шыққан. Басында Азамат мырзаның ниетіне қолдау білдіргендер көп болған. Қазір дайын болған туындыға ешкім қызығушылық танытып отырған жоқ екен.
«Әкімдіктегі таныс-білістеріме мүсіннің дайын болғанын айтқан едім. Көбі «итке арнап ескерткіш қою ерсі» деді. Мен оларға ескерткіш қылып қой деп жатқан жоқпын. Соны түсінсеңіздер. Ескерткіш - тарихи шынайы оқиғаға, тұлғаға арналатын, ресми ұғымды білдіретін мәнге ие дүние. Ал Пшөннің мүсіні жай естелік мақсатында жасалған шығармашылық туынды. Оны ескерткішпен шатастырмаңыздар», - дейді шебер.
Азамат Кенжеғалиев Пшөннің мүсіні қаладағы жарығы бар, ел-жұрт назарына ілігетін жерге қойылғанын қалайды.
«Көрген адам батыстықтардың жанын жаралаған, былтыр болған су тасқынын еске алып отырса жетеді. Ақшаның да, құрметтің де керегі жоқ. Тек еңбегім далада қалмаса екен деймін», - деді шебер.
Жаңалықтар
- Жасырын куәгер мен Тәжиевтің ұлы: Хасанның адвокаттарын сот залынан шығарып жіберді
- «Орталық стадионда болдым»: Рахат Әлиевтің ұлы әкесінің қазақ футболына қосқан үлесін еске алды
- «ҮРКЕР» — 2025» ұлттық сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды
- Қырғыз ауылындағы қыз зорлауға қатысты оқиғадан кейін тұрғындар өлім жазасын талап етті
- Ұстаздардың жалақысы 2 есе өсті – Тоқаев
- «Бейбіт күнде де дайын болу керек»: Ардагер Хұсайын Берқалиев қытайлар басып кірген сәтті еске алды
- Қарағандыда кәріз құбырын жөндемек болған екі жұмысшы топырақтың астында қалып, көз жұмды
- Қазақстанда ЖИ университеті ашылады
- «Назарбаевтардың дегенін орындаған»: Депутат экс-президенттің туыстарына қатысты істі қарауды талап етті
- Маңғыстау және Алматы облыстарында тағы да АЭС салуға болады — Алмасадам Сәтқалиев
- Нұрлан Қоянбаев пен Ақорда тілшісінің арасында дау туды
- Қырғызстан президенті балаларды зорлағандар мен әйелдерді өлтіргендерді өлім жазасына кесуді тапсырды
- Алматы облысында анасы сәбиімен қоса тірідей жанып кетті
- «Қазақша айту керек»: Мәскеуден келген Реал Мадрид жанкүйері қазақтарға шүйлікті
- Қарағандыда полиция бекетінде ес-түссіз жатқан майордың қасынан жалаңаш қыздың мәйіті табылды
- Елімізде хайуанаттар бағы мен цирктерге тыйым салуды талап ететін онлайн-петиция шықты
- Конгоның бұрынғы президенті сырттай өлім жазасына кесілді
- Германияға қашқан прокурор Дүйсеновтің қолында қандай маңызды дерек бар?
- «Қайрат» — «Реал Мадрид» айқасы жеңіліспен аяқталды: Мбаппенің хет-тригі мен Қалмырзаның қарымды сейвтері
- Алматылық «Қайрат» «Реал Мадридтен» 0:5 есебімен ұтылды