Нұрлан Қоянбаев пен Ақорда тілшісінің арасында дау туды
Коллаж: Orda.kz
«Президент» арнайы жобасының авторы әрі журналист Әділ Балтабаевтың «Қайрат» пен «Реал» ойыншыларына қатысты пікірі дауға ұласты, деп хабарлайды Orda.kz.
Әділ Балтабаев әлеуметтік желідегі парақшасында футболшыларды әжуалаған қазақстандықтарды сынап тастады. Оның ішінде продюсер, тележүргізуші Нұрлан Қоянбаевтың да аты аталды. Балтабаев жанкүйерлер қолдау көрсетудің орнына келеке қылды деп есептейді. Журналист бүкіл халық Мбаппенің чемоданын талқылап жатқанда Артур Асқарұлы «Қайратқа шын жанкүйер болды» дейді.
«Біздің футболшылар кімге қарсы алаңға шығатынын жақсы түсінеді. Сондықтан олардың атына айтылып жатқан күлкілі әжуа, соның бірін Қоянбаевтың айтқаны да, мүлде орынсыз. Жігіттерге дәл қазір осында қолдау керек. Себебі олар мұндай қолдауды сырт алаңда ешқашан алмайды. Сол үшін барлық алматылық блогерлер «Қайраттың» айналасына бірігіп, өздерінің миллиондаған аудиториясын клубты қолдауға бағыттауы қажет», — деді Әділ Балтабаев.
Журналистке Нұрлан Қоянбаев қысқа жауап қайырды.
«Балтабаев президенттің жанында жүріп құтырып кетіпсіз ғой. «Коянбаев» емес, «Нұрлан Қоянбаев» деп жазбайсыз ба? Патриот болсаңыз қазақша жазып жібермедіңіз ба?» деп жауа берді продюсер.
Айта кетейік, Мәскеуден келген Реал Мадрид жанкүйері Қайратты орысша қолдағанын сынға алды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық