Қарағандыда полиция бекетінде ес-түссіз жатқан майордың қасынан жалаңаш қыздың мәйіті табылды
Фото: бейнеден кадр
Қарағанды қаласындағы учаскелік полиция бекетінен жалаңаш қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Патриот» telegram-арнасының хабарлауынша, қызбен бірге болған полиция майоры ес-түссіз жатқан. Ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде комада жатыр. Алдын ала болжам бойынша, полицей белгісіз заттың әсерінен комаға түскен.
Оқиға орнына келген аға учаскелік инспектор әріптесін бір бөлмеден, ал жалаңаш қызды екінші бөлмеден тапқан. Бекет дереу қоршауға алынып, ішке бөгде адамдар кіргізілмей отыр.
«Оқиға орнында ес-түссіз жатқан полиция қызметкері медициналық мекемеге жеткізілді. Мән-жайды анықтау үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, қызметтік тексеріс тағайындалды», – деп мәлімдеді өңірлік полиция департаментінің басшысы Нығмет Исмағұлов.
Қарағанды облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық