Алматы облысында анасы сәбиімен қоса тірідей жанып кетті
Фото: Elements.envato.com
Алматы облысының ТЖД мәліметінше, бүгін Іле ауданына қарасты Кенен Әзірбаев ауылы Егемен көшесінде үш бірдей жеке тұрғын үй мен оларға жалғасқан қора-қопсы өртенді. Өрттен анасы мен нәресте қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алғашқы өрт сөндіру бригадалары жеткен сәтте тілсіз жау ашық жанып тұрған. Құтқарушылардың айтуынша, хабар тым кеш берілгендіктен, өрт тез тарап үлгерген. Төтенше жағдайды ауыздықтауға ауа райының ыстығы, қою түтін, сондай-ақ үйдің қамыс қапталған каркас қабырғалары кедергі келтірген. Бұған қоса, үйлердің бір-біріне тым жақын орналасқаны (ара қашықтығы небары 1,5–2 метр) және тар көшелер де қиындық туғызған.
Өрт орнынан анасы мен нәрестесінің мәйіті табылды. Бір тұрғын ауыр күйік шалған бір тұрғын ауруханаға жеткізілді.
Жалпы 448 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндіру кезінде төрт газ баллоны қауіпсіз аймаққа шығарылды.
Тілсіз жаумен Алматы облысы және Алматы қаласының ТЖД күштері күресті. 18 қызметкер мен 6 арнайы техника тартылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық