Алматылық «Қайрат» «Реал Мадридтен» 0:5 есебімен ұтылды
Фото: Orda.kz
Алматылық «Қайрат» өз алаңында мадридтік «Реалдың» қарқынын тоқтата алмай, Чемпиондар лигасының екінші турында 0:5 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Килиан Мбаппе хет-трик жасап, алаң иелерінің қақпасына үш доп соқты. Төртінші голды Эдуарду Камавинга еншілесе, қосымша уақытта есепті Браим Диас түйіндеді.
«Қайраттың» жұлдызы болған 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырза көптеген қауіпті сәттерден алып шықса да, сәттілік бізге серік болмады. Ірі есепке қарамастан, жас голкипер бірнеше қауіпті соққыларды қайтара алып, командасын қиын жағдайдан құтқарып, жиналған жұршылықтың қошеметіне бөленді.
Алғашқы турда «Реал» «Марсельді» 2:1 есебімен ұтса, алматылықтар «Спортингке» 1:4 есебімен есе жіберген еді. Келесі ойындар: 22 қазанда мадридтіктер «Ювентуспен», ал «Қайрат» 21 қазанда кипрлік «Пафоспен» кездеседі.
Жаңалықтар
- Windows-тың пираттық нұсқаларын қолдану қиындайды: Microsoft жаңа қорғаныс жүйесін енгізеді
- «Алтын доп» жүлдесінің басты фавориті анықталды
- Берлинде көлік шеруге шыққандарды қағып кетті: бір адам қаза тауып, тағы 16 адам жараланды
- Футбол чемпионаты Құрылтай сайлауына байланысты кейін шегеріледі
- «Бурабайда» екі өрт тұтанып, сөндіруге тікұшақ шықты
- Трамп Иранға жасалатын соққыны тоқтатуға бұйрық берді
- Алматыда полиция электросамокат иелеріне үндеу жасады
- АҚШ Иран уранын қолға түсіру үшін күрделі операция дайындап жатыр – БАҚ
- Тоқаев соғысты «мұздатуды» ұсынды: Президенттің Омбыдағы мәлімдемесі нені аңғартады?
- Алматыда есірткі жарнамасы бар QR-код жапсырып жүрген адам ұсталды
- Құрылтай: Сайлауалды науқан басталды, партиялар өңірлерге шықты
- Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енгізілді
- Әділет министрлігі NCOC-тан мәжбүрлеп өндіру шараларын бастады
- Астанадағы нөсерден кейін көшеден 100-ден аса көлік нөмірі табылды
- АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы ядролық келісім неге дауға айналды?
- АҚШ пен Ұлыбритания Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қорғау мақсатында халықаралық коалиция құрмақшы
- Өз стадионын Канье Уэстке қалдырып, «Қайрат» Түркістанда ойын көрсетеді
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды