Прокурор журналист «Амангелді Батырбековті өлтіруге тапсырыс берген» экс-шенеунікті 15 жылға соттауды сұрады
Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында прокурор республикалық «Сарыағаш-информ» газетінің бас редакторы Амангелді Батырбековті өлтіруге тапсырыс берді деп айып тағылған Сарыағаш аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің (бұрынғы білім бөлімі – ред.) экс-басшысы Бауыржан Майриховты 15 жылға, оның сыбайластары Сабыржан Молдаходжаевты – 15 жылға, Әбдухамит Қуандықов пен Мейіржан Досболаевты – 19 жылға, Нұрғали Қыдырәлиевті — 18 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бүгін сот айыпталушыларға соңғы сөз берді.
4 қаңтарға қараған түні Түркістан облысы Сарыағаш қаласында Амангелді Батырбековтің үйінің маңында ұлы Дінмұхамедке белгісіз біреулер оқ атып, бой тасалаған. Кейіннен полиция бес адамның қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.
Іс сотқа 13 шілде күні түскен. Айыпталушылар сотқа арнайы күзетпен жеткізілген.
Айыпталушылардың үшеуі Сарыағаш ауданы, екеуі Шымкент қаласының тұрғыны. Соңғы сөзде Майрихов пен Молдаходжаев тағылған айыпты мойындамайтынын, қалған үш айыпталушы мойындайтынын айтқан.
Айыптау актісіне қарағанда, Батырбеков Facebook парақшасында Сарыағаш аудандық білім бөлімі қызметкерлері мен басшылығының іс-әрекеттері жөнінде сыни мақалалар жазған. Осы материалдар негізінде білім бөлімінің басшысы Майрихов жұмыстан босатылған. Бұған кектенген ол Батырбековті қасақана өлтіруді ұйымдастырып, тапсырыс берген.
Айыпталушы Майрихов пен Молдаходжаев - Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен, Қуандықов пен Досболов - «Адам өлтіру», «Қаруды заңсыз жасау» (288-бап), «Қазуды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабы (287-бап), Қыдырәлиев «Адам өлтіру» және «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабымен айыпталған.
Сот үкім қай күні шығатыны белгісіз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық