Прокурор Қайрат Сатыбалдыны 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Прокурор Жангелді Есебаев Қайрат Сатыбалдыұлының мүлкін тәркілеп, 10 жыл мерзімге мемлекеттік лауазымдарды атқаруға тыйым салып, алты жылға бас бостандығынан айыруды талап етті.
Сондай-ақ, прокурор Қайрат Сатыбалдының генерал-лейтенант атағы мен арнайы мемлекеттік марапаттаудан айыруды сұрады.
Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі сеніп тапсырылған мүлікке қиянат жасау, мүліктік залал келтіру және бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу баптары бойынша тергеліп жатыр.Айта кетейік, Қайрат Сатыбалдыұлы 13 наурызда ұсталды. Оның бұрынғы әйелі де қамауда.
Қайрат Сатыбалдыұлы прокурор ұсынған жазамен келісті.
– Мен кінәмді мойындаймын, өкінемін және іс жүргізу келісімінің барлық тармақтарымен келісемін, – деді ол.
Жаңалықтар
- Жолаушыларға лық толы ұшақта портативті қуаттағыш атылып, бүкіл әуежай әуре-сарсаңға түсті
- Президент Ұлытау облысының жаңа әкіміне өңірдің тұрмыс сапасын жақсартуды тапсырды
- Театр ардагері Бижамал Кемалова өмірден өтті
- Салық органдары кәсіпкерлерге қызметкерлердің жалақысын көтеруді жаппай талап ете бастады
- Алматыда биыл 105 лифт ауыстырылады
- Цифрлық майнинг: 2 млрд теңгенің заңсыз криптовалюта операциясы немен аяқталды?
- КҚК Новороссийск арқылы мұнай жөнелтуді қайта бастады
- Президент Тоқтар Әубәкіровті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
- 9 ай бойы дұрыс емдемеген: БҚО-дағы аурухана қайтыс болған науқастың отбасына өтемақы төленеді
- Алматыда жер сілкінісін ерте ескерту жүйесі күшейтіліп жатыр: 35 жаңа сейсмобекет салынды
- Немересі әжесінің мәйітімен бірге крематорий пешіне секірді
- Астанада автосалон жұмысшысы клиенттердің көлігін сатып жіберген
- Қазақстандық турист Ыстықкөлде 14 жастағы қызды соққыға жықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев Эндрю Бернемді құттықтады
- Аятолла Мұджтаба Хаменеи қарсылықты жалғастыруға шақырып, АҚШ-пен келісім шарттарын атады
- Қытай АҚШ-пен соғыс және Тайваньды басып алу сценарийлерін макет арқылы пысықтауда
- «Боратты» жарнамаға қосқан Shoqan бренді дауға қалды
- Джеки Чан Қазақстандағы кеште Miyagi мен Нұрлан Сабуровпен бірге көңіл көтерді
- Иран: АҚШ-қа 20 млрд доллардан астам шығын келтірдік
- Алматыда түнгі жол апатынан екі қыз қаза тапты