Прокурор Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

cover

Бүгін Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісі бойынша сот отырысы өтті.

Atpress.kz мәліметінше прокурор Лаура Асанова Атырау қаласының № 2 сотында облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың мүлкін тәркілеп, мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айырып, 7 жылға соттауды сұрады.

– Мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сондай-ақ, Хаменованы Құрмет орденінен айыру қажет. Сотталушының кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жазаны үш жылға дейін кейінге қалдыруды сұраймын, - деді прокурор Лаура Асанова.

Бақытгүл Хаменоваға 4,5 млн теңге мөлшерінде пара алды деген айып тағылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар