Прокуратура Мәсімовтің LRT-ке қатысы туралы түсініктеме берді
Фото: Ашық дереккөзден
Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековтың ҚР ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің жанжал тудырған LRT ісін тергеуге кедергі келтіргені туралы ақпаратына түсініктеме берді.
BaigeNews.kz басылымының хабарлауынша, Сұлтанбеков қаңтар айында әлеуметтік желіде ҰҚК-нің бұрынғы басшысын жазықсыздарды заңсыз қудалады және жолдастарының қылмысын жасырды деп айыптаған.
«Енді сіз, Мәсімов, «Астана LRT» жобасының тергеуіне неге қатты араласып, өзіңізге берілген бар өкілеттікпен менің айғақтарыма жол бермей, жобаның ақшасын жымқырды деген айыптың барлығын маған жауып тастағаныңыз белгілі болды. Өйткені, 2015 жылы желтоқсанда осы жобаның несиелік құжаттарына қол қойған кезде Қытай даму банкінен несие алудың бастауында өзіңіз тұрдыңыз» деп жазды Сұлтанбеков.
Прокуратура Мәсімовтен Астана LRT ісі бойынша жауап алынды ма, жоқ па деген сауалға жауап берді.
«Сұлтанбековтың ҚР ҰҚК-нің бұрынғы басшысы К. Мәсімовке қатысты жария жазбасына орай, соңғысының іс бойынша айыпталушы болып табылмайтынын, сондықтан одан жауап алудың қажеті жоқ екенін хабарлаймыз» деп түсіндірді прокуратура.
Қанат Сұлтанбековтың өзі, прокуратураның мәліметінше, АҚШ-та, ал Astana LRT компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан Түркияда деген болжам бар.
«Осыған байланысты Арданды экстрадициялау материалдары Түркияға жіберілді, онда бұл елдің құзырлы органдары оны анықтау және ұстау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сұлтанбековке де экстрадициялау туралы сұрау салу жіберілді. Оны Қазақстанға беру мүмкіндігі бар. АҚШ-тың құзырлы органдары істі қарастыруда» деді Нұр-Сұлтан прокуратурасы.
Еске салсақ, Сұлтанбеков пен Арданға қатысты оларды күдікті деп тану туралы шешім қабылданған болатын.
8 қаңтарда ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды. Билікті күштеп басып алуға бағытталған әрекет фактілері бойынша да тергеу басталды. Мәсімов әзірге тергеу изоляторындағы ұстау жағдайына шағымданған жоқ, деп хабарлады Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық