Проблеманы ашық айтудың арты сотқа ұласа берсе демократияға қайшы- Асқар Ақтілеу
Танымал журналист Асқар Ақтілеу Қазақстанда «Жала жабу», «Қорлау» баптарын алға тартып, БАҚ өкілдері жиі қысымға ұшырайтынын айтты.
Ақтөбеде күні кеше «Жала жабу» бабымен сотқа шақырылған «Tilshinews.kz» сайтының редакторы Асқар Ақтілеу елде сөз бостандығына кедергі көп екенін атады.
«Мен журналистикада жиырма жылға жуық уақыттан бері жүрмін. Соның 15 жылында түрлі журналистік ұйымдармен құқық қорғау бағытында жұмыс істедім. Соның ішінде «Әділ сөз», MediaNet, Internews секілді құқықтық медиа орталықтармен байланыстамын. Журналистердің құқығы бұзылған кезде мониторинг жасап отырамыз. Қазір бізде журналистер көп емес. Кейінгі толқын қосылып жатқан да жоқ. Егер проблемалар көтерілгенде ізімізден қудалап, уақытымызды, мазамызды алып, босқа дүрліктіретін болса, бұл салаға қызығушылық төмендейді. Онда қоғам дамымайды, билік ойына келгенін істейді» деді ол.
Журналистің айтуынша, жұмыстан шығып қалған Ырғыз гимназиясындағы кіші қызметкердің орнына қайтып келуіне қоғамдық резонанс әсер етті. Және бұл жағдай басқаларға сабақ болуы керек екенін атады.
«Мен өзім үшін қуанып отырған жоқпын. Шын сөзім, журналистика үшін қуанып отырмын. Ырғыздағы жағдайда журналистік міндетімді атқардым. Саналы түрде жарияладым. Резонанс туындады. Биліктегі азаматтар араласты. Жұмыстан шығып қалған адам орнына келді. Ол жөнінде хабарланды. Қарсы тараптан соттың бірінші күнінен «журналистер қатыспасын, Instagram-ға жазбасын» деген цензура элементтері байқалды. Бізде заң бойынша цензураға тыйым салынады. Журналист кез келген формада ақпарат жинап, тарата алады. Бізде журналистерде мұндай проблема жиі кездеседі. Басқа аудандардан да хабарласады. Егер проблеманың арты сотқа ұласатын болса, сөз бостандығына үлкен кедергі. Әр материалға Нұрманова (Ырғыз гимназиясының директоры- ред.) сияқтылар арыз жазып, уақытымызды алатын болса демократияның дамуына қайшы. Бізде қазір құқықтық мемлекет деп айтамыз және сол үшін де президент Тоқаев осы «Жала жабу» бабын Қылмыстық кодекстен Әкімшілік Кодекске ауыстырды. Заңда «декриминализация» деген түсінік бар. Ол әлемдік тенденция. Кезінде Назарбаевтың өзі Нью-Йоркте америкалық журналистерге сұхбат бергенде Қазақстандағы «Жала жабу», «Қорлау» баптарын қылмыстықтан алып, басқа заңға көшіретінін айтты. Әзірге бір бап көшірілді. Бұл журналистік ұйымдардың, журналистік қауымдасдастықтардың жеңісі. Дегенмен бізде бұл бап бойынша әлі де қысым бар» деді Асқар Ақтілеу.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық